Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен түпкілікті шеттетілді

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізуге тырысқаннан кейін төрт ай өткен соң Конституциялық сот оның импичментін қолдап, мемлекет басшысын қызметінен түпкілікті шеттетті

Сұлу Бөлек

  • 04.04.2025

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізуге тырысқаннан кейін төрт ай өткен соң Конституциялық сот оның импичментін қолдап, мемлекет басшысын қызметінен түпкілікті шеттетті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі bbc-ге сілтеме жасап. 

Сегіз судьядан тұратын алқа өз үкімінде президенттің бұл әрекеті Конституцияны, сондай-ақ заң үстемдігі мен демократия қағидаттарын бұзғанын мәлімдеді.

Енді елде 60 күн ішінде жаңа президент сайлануға тиіс.

Былтыр желтоқсанда Юн елде әскери жағдай енгізуге талпынған, алайда сәтсіздікке ұшыраған. Осыдан кейін парламент оны бүлік жасауға әрекеттенді деп айыптап, импичмент жариялады.

Оны қызметінен уақытша шеттеткенімен, толықтай орнынан алу үшін Конституциялық соттың шешімі қажет болды. Осы уақыт бойы Юн Сок Ёль Оңтүстік Кореяның президенті болып қала берді.

Юн бүлік жасауға әрекеттенді деген айыптауларды жоққа шығарып, өз шешімін «мемлекетті қорғауға бағытталған саяси тұрғыдан ойластырылған қадам» деп атады. Оның айтуынша, оппозиция үкімет жұмысын толықтай тоқтатуға тырысқан.

Оның адвокаттары Конституциялық соттағы процесті «заңсыз және әділетсіз» деп бағалады.

«Ал нәтижесі – заң тұрғысынан мүлде түсініксіз шешім. Бұл саяси шешім, әрине, өкінішті», - деді Юн үкім шыққаннан кейін журналистерге. 

Фото: © AP Photo / Chung Sung-Jun

 

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025
MalimBlocks
Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім