«Қасақана болмаса да атып түсірілуі мүмкін». Ильхам Әлиев ұшақ апатына қатысты сұхбат берді

Дегенмен соңғы сөз «қара жәшікті» ашқаннан кейін белгілі болатынын айтты

Мәди Саматұлы

  • 29.12.2024

Бакудан Грозныйға бағыт алған AZAL әуе компаниясының ұшағы сырттан келген зақымға ұшыраған. Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АзTV мемлекеттік арнасына Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әрине, соңғы нұсқаны «қара жәшіктерді» ашқаннан кейін білуге болады. Бірақ алдын ала мәліметтер жеткілікті түрде негізделген әрі олар деректерге сүйенеді. Ал деректер мынандай: әзербайжандық азаматтық ұшақ Ресей аумағында, Грозный қаласына жақын жерде сырттан зақымданған және іс жүзінде басқаруын жоғалтқан. Біз сондай-ақ, оны радиоэлектронды күрес құралдары арқылы басқарылмайтын күйге келтірілгенін білеміз. Бұл ұшақтың зақымдануының бірінші себебі болды, деді ол.

Ильхам Әлиев сонымен қатар, атыстың салдарынан ұшақтың артқы бөлігінің ауыр зақымданғанын, ал фюзеляждың жаппай тесіліп қалуы құстармен соқтығысу нұсқасын толығымен жоққа шығаратынын айтты.

Әзербайжан президенті ұшақтың қасақана болмаса да атып түсірілгенін, бірақ қателігін мойындап, Әзербайжаннан кешірім сұрап, жағдайды ашық түсіндіру қажет екенін атап өткен.

Біз Ресей тарапына талаптарымызды ашық түрде қойдық. 27 желтоқсанда осы талаптар ресми түрде оларға жеткізілді. Олар неден тұрады? Ресей тарапы Әзербайжаннан кешірім сұрауы керек. Екіншіден, өз кінәсін мойындауы тиіс. Үшіншіден, кінәлілерді жазалап, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуы және мемлекетке, зардап шеккен жолаушылар мен экипаж мүшелеріне өтемақы төлеуі керек. Бұл біздің талаптарымыз. Оның біріншісі кеше орындалды. Қалған талаптарымыз да қабылданады деп үміттенемін, деді Әлиев Әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында.

Фото: aztv.az

Байланысты жаналықтар

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

08.05.2025

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

06.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

«Аллаға тапсырдым»: Ақбота Керімбекова жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты

29.04.2025

Белгілі тамада анасы қайтыс болған күні той басқарғанын айтты

28.04.2025
MalimBlocks
Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

«Аллаға тапсырдым»: Ақбота Керімбекова жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты

Өнер иесі бәрін кешіргенін алға тартты.

Белгілі тамада анасы қайтыс болған күні той басқарғанын айтты

Ол әкесінен рұқсат алған.