Трамптың инаугурациясы қалай және қашан өтеді?

Арман Қайыпхан

  • 16.01.2025

20 қаңтарда АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың ресми инаугурация рәсімі өтеді. Іс-шара Астана уақытымен 19:30-да басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Инаугурация – АҚШ-тағы президенттік билікті тапсырудың негізгі рәсімі. Бұл ресми іс-шара кезінде қызметтегі президент өз өкілеттілігін жаңа сайланған президентке тапсырады. Дәстүр бойынша, инаугурация әр 4 жыл сайын 20 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша дәл түскі уақытта өтеді.

Бұл күн 1937 жылдан бастап АҚШ Конституциясының 20-шы түзетуіне сәйкес, 4 наурыздан 20 қаңтарға ауыстырылды. Антты дәл осы күні алғаш қабылдаған президент Франклин Рузвельт болды, сол кезде ол өзінің екінші мерзімін бастаған еді.

Инаугурацияның басты сәті – президенттің ант беру рәсімі. Сол күні Дональд Трамп келесі сөздерді айтып, ресми түрде АҚШ-тың 47-ші президенті атанады.

Мен, АҚШ президенті қызметін адал атқарып, қолымнан келгенше АҚШ Конституциясын сақтауға, қорғауға және қолдауға салтанатты түрде ант етемін!

Айта кетейік, Трамп бұған дейін 2017-2021 жылдар аралығында 45-ші президент ретінде мемлекет басшысы қызметін атқарған болатын.

Инаугурация қалай өтеді

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурация күні дәстүрлі іс-шараларға толы болады.

Таңертең: Рәсімнің басталуы Инаугурация рәсімі Ақ үйдің жанындағы Әулие Иоанн шіркеуіне барудан басталады. Бұл шіркеу «президенттер шіркеуі» деп те аталады және ол инаугурациялық дәстүрдің бір бөлігіне айналған.

Шай ішу рәсімі: Қызметтен кейін Дональд Трамп Ақ үйге шай ішуге барады. Ақ үйде шай ішу дәстүрі 1953 жылдан бері жалғасып келеді. Инаугурация күні қызметтен кетіп жатқан президент пен бірінші ханым жаңадан сайланған президент пен оның жұбайын бейресми кездесуге шақырады, бұл биліктің бейбіт жолмен ауысуын көрсетеді.

2017 жылы Барак пен Мишель Обама Дональд пен Мелания Трампты Сопақ кабинетте шаймен қарсы алып, кейін екі отбасы бірге инаугурацияға аттанған еді.

Алайда 2021 жылы бұл дәстүр бұзылды: Дональд пен Мелания Трамп Джо және Джилл Байденді таңертеңгі шайға шақырмады, бұл сирек кездесетін жағдай болды.

Ресми рәсім: Музыкалық бағдарламалар және ант беру рәсімі АҚШ-тың шығыс уақыт белдеуі бойынша таңғы 09:30-да (Астана уақытымен 19:30) музыкалық қойылымдар мен кіріспе сөздерден басталады.

Рәсімнің шарықтау шегі – Дональд Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнстің ант беруі және инаугурациялық сөз сөйлеуі. Бұл іс-шара 20 қаңтарда Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Трамп өз сөзінде жаңа президенттік мерзімдегі басты мақсаттары мен басымдықтарын айқындайды.

Салтанатты ант беру рәсімінен кейін Трамп маңызды құжаттарға қол қойып, конгресс ұйымдастырған инаугурациялық түскі асқа қатысады.

Парад: Ресми бөлім Пенсильвания-авеню бойынша дәстүрлі парадпен аяқталады. Бұл авеню Капитолий мен Ақ үйді қосып тұр.

USA Today газетінің мәліметінше, парадқа 7,5 мыңға жуық адам қатысады, оның ішінде ардагерлер, төтенше қызмет өкілдері және әртүрлі ұйымдардың өкілдері бар.

Сондай-ақ, парадқа Дональд Трампқа қастандық жасалған Пенсильвания штатының Батлер қаласының тұрғындары да қатысады.

Кеш: Кешкі шаралар Инаугурация күні үш салтанатты балмен аяқталады. Әр балда Трамп қонақтарға арнап сөз сөйлеп, өзінің президенттік мерзіміндегі негізгі тақырыптарды атап өтеді.

Фото: Дональд Трамптың инаугурацияға түскен ресми портреті/Daniel Torok

Байланысты жаналықтар

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025

Трамп бір жыл ішінде 1 миллион мигрантты депортацияламақ

14.04.2025
MalimBlocks
Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.

Трамп бір жыл ішінде 1 миллион мигрантты депортацияламақ

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әкімшілігі елдегі мигранттарды жаппай депортациялауды қайта қолға алып, алғашқы жылы ішінде 1 миллион адамды елден шығаруды мақсат етіп отыр