Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алтай Көлгінов алты ай болмай орнын босатты

Саясат
Алтай Көлгінов алты ай болмай орнын босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Көлгінов  Премьер-Министрдің орынбасары қызметінен босатылды.

Еске салайық, Алтай Көлгінов бұл орында алты айдай ғана уақыт отырды. 2022 жылдың 9 желтоқсанда Тоқаев оны  Премьер-министрдің орынбасары  қызметіне тағайындалған болатын. Үкіметте Көлгінов әлеуметтік мәселелерге қатысты блокқа жауапты болған. Биыл депутаттардың көпшілігінің депутаттық сауалы да осы шенеунікке тікелей жолданған болатын. Олардың арасында мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, еліміздегі инфляция мәселесі, нақты айтқанда инфляцияның деңгейі 20,3 пайызды құрағанын, азық-түлік тауарларының бағасы 25,3 пайызға өскені болды. Ал әлеуметтік төлемдер мөлшері қазіргі инфляциядан екі есеге төмендігі ашық сыналған еді.   

Көлгінов 2019 жылдың 26 ​​маусымынан елорда әкімі болған. Ол қызметінен 2022 жылдың 8 желтоқсанында босатылған болатын. Елорда әкімі болған кезінде тұрғын үй мәселесі, көпбалалы аналар проблемасы, Талдыкөлдің тағдыры бірнеше рет көтеріліп, соңы шуға ұласқаны есімізде. 

Былтыр қазан айында  Қазгидрометтің рейтингі шығып,   Астана қаласы ең ауасы лас қала ретінде аталды. Астананың ауасы бекітілген концентрациядан 1 318 мәрте асып кеткен болатын.  

Көлгінов Астана қаласының ауасын тазарту үшін мекемелер мен үйлерді газға қосып жатқанын айтқан.  Одан бұрын электроавтобустар сатып алам, саябақтарды көптеп ашу керек деп уәде берген-ді. Көп уақыттан бері экологтардың тұрақты проблемасына айналған Талдыкөлдің орнына эко-саябақ ашам деп те уәде берген. Ақорда орналасқан қаланың бұл күйі Астананың экс- мэріне жақсы ат әпермегені  анық.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу