Қырғыз депутаттары екі айлық жалақыларынан бас тартты

Malim Админ

  • 16.04.2020

Қырғыз Республикасында "Қырғызстан" парламенттік фракциясының өкілдері коронавируспен күрес үшін екі айлық жалақыларынан бас тартты. Бұл туралы Malim.kz сайты Азаттық Радиосына сілтей отырып хабарлайды.

Аталмыш фракция мүшесі Канат Исаевтың айтуынша "көптеген қырғыз азаматтары жұмысынан айрылып, көптеген адамдар коронавирус инфекциясымен күресу үшін күш жұмылдырып жатқан кезде" депутаттар тасада қалмауы тиіс.

"Фракциямыз сәуір және мамыр айының жалақысынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Өзге фракцияларды да бастаманы қолдауға шақырамыз. Үнемделген қаржыны медицина және құқық қорғау орган қызметкерлеріне сыйақы ретінде беруге болады. Біз сонымен бірге үкіметті министрліктер мен ведомстволар, аймақтағы өкілдіктер, әкімдіктер, елшіліктер және тағы да басқа органдарға жұмсалатын шығынғы азайтуға шақырамыз" деді депутат.

Жогорку Кенеш сайтындағы ақпаратқа сәйкес, "Қырғызстан" парламенттік фракциясының құрамында 18 депутат бар.

15 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Қырғызстанда 449 адамнан коронавирус табылған, бес адам қайтыс болған.

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

08.05.2025

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

06.05.2025

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Қырғызстан биыл 600 млн текше метрден астам су жіберетін болды

28.04.2025
MalimBlocks
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

Бішкектегі парадқа 3 мың әскери қызметкер, ал Душанбеде 4,5 мың адам қатысып жатыр

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді

Қырғызстан биыл 600 млн текше метрден астам су жіберетін болды