Қыздарымызда қырық медаль

Айбек Ережеп

  • 31.05.2021

Дубайда бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында бойжеткендер бәсекесі мәресіне жетті. Еліміздің қыздары бұл сында 8 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға көтерілді.

Ерік Алғабек баптайтын еліміздің бойжеткендері үшін Дубайдағы бәсеке сәтті өтті. Азия чемпионатының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткен қыздарымыз еліміздің әнұранын сегіз мәрте шырқатып, сары құрлықта ең мықты ұжым атанды.

Пандемияға байланысты Азия чемпионатына Оңтүстік Корея, Қытай, Вьетнам, Солтүстік Корея, Жапония, Таиланд, Тайпей сияқты елдердің боксшылары келмеді. Дегенмен, Үндістан, Өзбекстан, Моңғолия мемлекеттерінің спортшыларын осал болды деп айта алмаймыз.

51 келі салмақта өнер көрсеткен Назым Қызайбай финалда әлемнің алты дүркін, Азияның бес дүркін чемпионы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, атақты Мэри Комның өзін тізе бүктіріп, Азия біріншілігінің бас жүлдесіне тұңғыш рет ие болды. Назым 2017 жылы Азия чемпионатында қола жүлдені қанағат тұтқан. Енді міне, «әлемнің екі дүркін жеңімпазы» деген атағы бар бойжеткеніміз көптен күткен Азияның алтынына да қол жеткізді.

48 келі салмақта ел намысын қорғаған Алуа Балқыбекова финалда өзбекстандық Гуласал Султоналиевадан басым түсіп, осыдан екі жыл бұрынғы есесін қайтарды. Естеріңізде болса, 2019 жылы Улан-Удеде (Ресей) өткен әлем чемпионатында Алуа қарындасымыз дәл осы өзбек қызынан ұтылып, жарыстан шығып қалған болатын.

Алуа мен Назымнан бөлек, құрлық біріншілігінде Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ляззат Күнгейбаева (+81 келі) өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. Финалда өзбек қызынан ұтылған Владислава Кухта (57 келі) күміс жүлдегер атанса, Марина Вольнова (75 келі) Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Командалық есепте Қазақстан құрамасының қыздары араға он бір жыл салып, бірінші орынға шығып отыр. Соңғы рет 2010 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында біздің қыздар 4 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен командалық есепте топ жарған болатын.

Азия чемпионатының арғы-бергі тарихына көз жүгіртсек, 2001 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жарыста қазақстандықтар жалпы саны 40 медальға ие болды. Оның 14-і алтын, 6-ы күміс, 20-ы қола медаль.

Ең көп медаль алған елдердің алғашқы тізімінде Қытай (33 алтын, 17 күміс, 15 қола), Үндістан (22 алтын, 26 күміс, 35 қола), Солтүстік Корея (22 алтын, 18 күміс, 13 қола) елдері тұр. Дубайда 1 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль алған өзбекстандық бойжеткендер бұл көрсеткіш бойынша 8-орынға көтерілді. Олардың еншісінде 2 алтын, 7 күміс, 9 қола медаль.

 

Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

48 келі. 1. Алуа Балқыбекова (Қазақстан); 2. Гуласал Султоналиева (Өзбекстан); 3. Джози Габуко (Филиппин), Моника (Үндістан);

51 келі. 1. Назым Қызайбай (Қазақстан); 2. Мэри Ком (Үндістан); 3.  Луцаихан Алтанцэцэг (Моңғолия), Надика Пушпакумари (Шри-Ланка);

54 келі. 1. Дина Жоламан (Қазақстан); 2. Ситора Шогдарова (Өзбекстан); 3. Сакши Чаудхари (Үндістан), М.Эрденедаладжин (Моңғолия);

57 келі. 1. Ситора Тұрдыбекова (Өзбекстан); 2. Владислава Кухта (Қазақстан); 3. Миджгона Самадова (Тәжікстан), Джасмин (Үндістан);

60 келі. 1. Римма Волосенко (Қазақстан); 2.Хусватун Хасана (Индонезия); 3. Шоира Зулкайнарова (Тәжікстан), Симранджит Каур (Үндістан);

64 келі. 1. Милана Сафронова (Қазақстан); 2. Лалбуатсаихи (Үндістан); 3. Мохинабону Абдуллаева (Өзбекстан), Нура Әл-Мутаири (Кувейт);

69 келі. 1. Валентина Хальзова (Қазақстан); 2. Навбахор Хамидова (Өзбекстан); 3. Ловлина Боргохайн (Үндістан);

75 келі. 1. Пуджа Рани (Үндістан); 2. Мавлюда Мавлонова (Өзбекстан); 3. Марина Вольнова (Қазақстан), М.Монхбатун (Моңғолия);

81 келі. 1. Фариза Шолтай (Қазақстан); 2. Сохиба Рузметова (Өзбекстан); 3. Савити Бура (Үндістан);

+81 келі. 1. Ляззат Күнгейбаева (Қазақстан); 2. Анупама (Үндістан); 3. Мохира Абдуллаева (Өзбекстан), Ханан Аль-Зейуди (БАӘ);

Командалық есеп

  1. Қазақстан – 8 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль;
  2. Өзбекстан – 1 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль;
  3. Үндістан – 1 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль;
  4. Индонезия – 1 күміс медаль;
  5. Моңғолия – 3 қола медаль;
  6. Тәжікстан – 2 қола медаль;
  7. Филиппин, Шри-Ланка, БАӘ, Кувейт – барлығында 1 қола медальдан;

фото. aiba.org

 

 

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

10.11.2024

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты аяқталды

14.10.2024

Назымға тағы бір көлік сыйлады

06.10.2024

Назым Қызайбай: Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келген

07.08.2024

Боксшы Назым Қызайбай Олимпиаданың ширек финалына өтті

01.08.2024

Қазақстан самбошылары Азия чемпионатында топ жарды

30.06.2024
MalimBlocks
Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

Шешуші ойында ұлттық құрама Жапонияны ұтты

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты аяқталды

Назымға тағы бір көлік сыйлады

Бұл жолы Li-6 автокөлігіне ие болды

Назым Қызайбай: Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келген

Назым Қызайбай алтын алуға не кедергі келтіргенін алға тартты.

Боксшы Назым Қызайбай Олимпиаданың ширек финалына өтті

Қазақстан самбошылары Азия чемпионатында топ жарды

Балуандарымыз 15 алтын еншілеген