Вирустың екінші толқынына халық өзі дайындалып алды

Руслан ЕРБОТА

  • 05.10.2020

Дәрігер, белсенді Қайырғали Көнеев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында вирустың екінші толқыны бола ма деген сұраққа жауап берді.

"Меніңше, вирустың екінші толқыны маусым-шілдеде өршіген бірінші толқын тәрізді  ауыр  болмайды. Өйткені халықтың басым көпшілігі маусым-шілдеде ауырып шықты, осылайша ұжымдық иммунитет қалыптасты.  Екінші толқын бірінші толқын тәрізді ауыр болмай, жеңіл өтеді, бірақ ол ұзаққа, 9-12 айға созылады. Бірақ шарықтайтын шегі, ауру қатты өршитін кезеңі болмайды. Яғни бірінші толқындағыдай ауруханадан төсек орын іздеп сабылған жұрт, орындардың тапшылығы болмайды. Тіпті екінші толқын болмауы мүмкін дегенді де жоққа шығармаймын. Вирусты жұқтыру жағдайлары тұрақты түрде тіркеле береді, бірақ олар алдыңғы кезеңдегі жұқтыру көрсеткішінен асып түспейді. Вирустың тарау көрсеткіші (Rt) 1 немесе одан төмен болады. Шілде айында ол көрсеткіш 2-ге тең еді.

Ал екінші толқын бола қалған күннің өзінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі бірінші толқынмен салыстырғанда оның бетін жақсырақ қайтара алады. Өйткені дәрігерлер, медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау министрлігінің, тіпті үкіметтің өзі бірінші толқыннан тиісті тәжірибе жинады.

Екінші толқын Еуропа, Ресей, бәлкім, Қытайға үлкен соққы болып тиеді. өйткені бұл елдерде бірінші толқын кезінде ұжымдық иммунитет қалыптаспаған. Оларда екінші толқын бірінші толқынға қарағанда ауыр болады", - дейді дәрігер.

Қ.Көнеев Қазақстанда халықтың көпшілігі вируспен ауырғанын былай дәлелдейді.

"Бізде коронавирус бойынша статистика дұрыс емес. Мысалы, статистика комитетінің мәліметінше, шілде айында былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе көп адам қайтыс болды.  Былтыр шілдеде 12 420 адам қайтыс болса, биыл 28 178 адам қайтыс болды. Осылардың арасындағы айырма 15 758 адамның қазасы коронавирустан болды десек және бастапқыда коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші 0,4-0,7 пайыз шамасында болды десек, әлемдегі бұл көрсеткіш 3 пайызға тең еді. Яғни қайтыс болған 15 758 адамды 3 пайыз десек. коронавирусқа шілде айында шалдыққандар саны 525 266 адам болды (15758*100/3 = 525 266), ал бұл тек бір айдағы көрсеткіш қана.

Биыл мамыр айында былтырғы жылдың мамыр айымен салыстырғанда қайтыс болғандар саны 3170 адамға көп болды. (2019 жылдың мамырында 14 353 адам қайтыс болса, 2020 жылдың мамырында 11183 адам көз жұмды). Яғни былтырғы мамыр мен биылғы мамырдың арасындағы айырма 3170 адам. Осыны үш пайыз деп алсақ, онда мамырда ауру жұқтырғандар саны 105 666 адам болмақ.

Тура осындай жолмен маусым айын да есептеп көруге болады. 2020 жылдың маусымында 14 949 адам қайтыс болса, 2019 жылы 10 061 адам. Айырма 4888. Олай болса, маусым айында 162 933 адам вирус жұқтырған болуы мүмкін.

Енді осы мамыр, маусым, шілдеде вирус жұқтырғандарды қоссақ, үш айда 793 866 адам вирусқа шалдыққан болып шығады. Ал енді бұған шілде айындағы коронавирус жұқтырған 80 000 адамға жыл басынан шілде айына дейінгі пневмонияны (234 000) қоссақ, онда 793866+80000+234000 = 1 млн 107 мың 866 адам вирусқа шалдыққан болуы мүмкін. Ал енді тура осынша адам үйде өз бетінше емделіп, статистикаға кірмеді деп, олардың үштен бірін қоссақ, онда вируспен ауырғандар 1,5 миллион адамға жуықтайды.

Коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызы симптомсыз ауыратнын ескерсек, коронавирус белгісі бар және коронавирус анықталғандар іс жүзінде елде коронавируспен ауырғандардың небәрі үштен бірін құрайды десек, онда симптомсыздар 3 миллионға жуықтайды. Олай болса, коронавирус анықталған жоғарыдағы 1,5 миллион адамға 3 миллион симптомсызды қоссақ, 4,5 миллион адам вируспен ауырып шықты. Демек, шілде аяғында коронавирусқа қарсы халықтың 25 пайызында иммунитет болды деген сөз. Коронавирустың базалық репродуктивті саны 3,5 екенін есепке алсақ, қазан айына қарай елдегі ұжымдық иммунитет 75 пайыздан асып кеткен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда инфекция енді ешқандай шарықтау шегіне жетпейді. Вируспен ауырмаған қалған 25 пайыз халық енді симптомсыз ауыруы да мүмкін. Осылайша ұжымдық иммунитет қалыптасса, індет маусым-шілде айларындағы сияқты  өршімейді",- деп жазады Қ.Көнеев.

 

 

Байланысты жаналықтар

Қай облыстың әкімі үздік? Аймақ басшыларының рейтингі

24.10.2024

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

14.10.2024

Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

27.09.2024

Әскерлердің кәсіби дайындығын жақсарту басты назарда

24.09.2024

Президент жүктеген міндет. Қорғаныс саласындағы нәтижелі қадамдар

16.09.2024

Украинаға уәде етілген F-16 ұшақтарының алғашқы легі жеткізілді

05.08.2024
MalimBlocks
Қай облыстың әкімі үздік? Аймақ басшыларының рейтингі

Абай облысының әкімі осы жолы да рейтингте көш бастап тұр

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

Алты мемлекеттің арнаулы операциялар күштері әріптестік, практикалық іс-қимылдарды пысықтады

Әскерлердің кәсіби дайындығын жақсарту басты назарда

Президент жүктеген міндет. Қорғаныс саласындағы нәтижелі қадамдар

Заңның қатаң сақталуы, оны қадағалау, темірдей тәртіпке бағыну сынды ерекше міндеттер жүктелді

Украинаға уәде етілген F-16 ұшақтарының алғашқы легі жеткізілді

Шілде айының соңғы күнінде Украинаға Ресей шабуылынан қорғану үшін АҚШ-тан уәде етілген 79 F-16 истрибелдерінің алғашқы он данасы жеткізілді. Биыл Украина тура осындай тағы 20 ұшаққа қол жеткізбек. Ал олардың қалған бөлігі 2025 жылы елдің қорғаныс саласына беріледі деп күтіліп отыр.