Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Антикор спорттық атақтарды негізсіз беру бойынша қылмыстық іс қозғады

Спорт
Антикор спорттық атақтарды негізсіз беру бойынша қылмыстық іс қозғады

Антикор спорттық атақтарды негізсіз беру бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желілерді тексеру барысында қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Арман Әшімовтің жалған спортшыларға "ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы" және "ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атақтарын негізсіз беру туралы бейне ақпараты зерделенді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл жарияланымға ден қойып, соталды тергеуді тіркеді.

Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды. Жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша Агенттік Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізді.

Спортты теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы халықаралық стандарттарды ратификациялау, жоғары жетістіктер спортын қаржыландыруды орталықтандыру, қаржыландыру нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін спорт, инфрақұрылым, спорттық іс-шаралар мен жетістіктер саласында айналысатын адамдар бойынша толық деректерді қамтитын Е-sport Ұлттық цифрлық платформасын енгізу ұсынылды. Бұл спортшылар, инфрақұрылым, жарыстар мен жетістіктер туралы бірыңғай деректер қоймасын құруды көздейді және спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Тергеу жалғасып жатыр.

Фото: Sputnik 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу