Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Германия мен тағы жеті елге баж салығын енгізеді

Әлем
АҚШ Германия мен тағы жеті елге баж салығын енгізеді
Фото: Sean Gallup/Getty Images

Дональд Трамп АҚШ-тың Германия, Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Ұлыбритания, Нидерландтар және Финляндияға қарсы 10 пайыздық кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл шаралар 1 ақпаннан бастап күшіне енеді және Гренландияға қатысты жағдайға байланысты қысым күшейтуге бағытталған.

АҚШ президентінің айтуынша, Америка Құрама Штаттары көптеген жылдар бойы Еуропалық одақ елдерін, соның ішінде Данияны да, ешқандай тарифсіз немесе өтемақысыз қолдап келген.

«Енді, ғасырлар өткен соң, Данияның қарызды қайтару уақыты келді, себебі әлемдік бейбітшілік мәселесі таразы басында тұр», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Трамптың мәлімдеуінше, 1 маусымнан бастап баж салығы 25 пайызға дейін өсуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу