freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Рауль Кастроға қатысты қылмыстық іс қозғады

Әлем
АҚШ Рауль Кастроға қатысты қылмыстық іс қозғады
Фото: Reuters

АҚШ Рауль Кастроға айып тақты, деп хабарлайды Malim.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Кубаның бұрынғы президенті қазір 94 жаста. Оған қатысты айыптаулардың нақты себебі әзірге жарияланған жоқ. Рауль Кастро 2015 жылы Барак Обама тұсында АҚШ-пен тарихи жақындасуды үйлестірген, кейін бұл үдерісті Дональд Трамп тоқтатқан.

Бұған дейін АҚШ Әділет министрлігі бұл іс 1966 жылғы оқиғаға байланысты екенін айтқан. Ол кезде Куба билігі Куба эмигранттары ұйымына тиесілі екі ұшақты атып түсірген.

Соңғы айларда Вашингтон мен Гавана арасындағы шиеленіс айтарлықтай күшейді.

Бұған АҚШ-тың Кубаның аймақтық одақтасы саналатын Венесуэла президенті Николас Мадуроны биліктен кетіруі, сондай-ақ арал мемлекетіне энергетикалық блокада енгізуі себеп болған. Дональд Трамп Кариб аралын АҚШ бақылауына өткізу ниетін бірнеше рет мәлімдеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу