АҚШ-тың Род-Айленд штатында өткен балалар хоккей матчы кезінде трибунада атыс болды. Бұл туралы Tengri Sport The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлады. Оқиға дүйсенбі күні екі мектеп оқушылары арасындағы ойын барысында Деннис М. Линч атындағы аренада болған.
БАҚ мәліметінше, күдікті өз әйелі мен балаларына оқ атқан. «Әкесі жасөспірімдер арасындағы хоккей матчы кезінде әйелі мен үш баласына оқ жаудырғаннан кейін екі адам, оның ішінде кішкентай қыз бала қаза тапты. Тағы үш адамға оқ тиіп, ауыр халде жатыр», – деп жазады The Sun.
БАҚ дерегінше, атыс салдарынан қаза тапқан үшінші адам – күдіктінің өзі, ол өзіне қол жұмсаған.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнебақылау камераларының видеосында бірнеше рет атылған оқтың дыбысы естіліп, стадионда басталған дүрбелең көрінеді. Жанкүйерлер мен хоккейшілер аренадан тез арада кетуге тырысқан.
Полицияның болжамынша, оқиға отбасылық жанжалға байланысты болуы мүмкін. Алайда қазіргі сәтте қаза тапқандардың атқышпен туыстық байланысы бар-жоғы белгісіз.