Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде үш айлық сәбиден коронавирус анықталды

Сұқбат
Ақтөбеде үш айлық сәбиден коронавирус анықталды

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіні өткен тәулікте Ақтөбеде 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғанын айтып отыр. Оның біреуі туғанына небәрі үш ай болған нәресте. Баланың анасы жедел респираторлы вирустық инфекция белгілеріне байланысты дәрігердің көмегіне жүгінген. ПТР зерттеулерінің қорытындысы бойынша сәбиге COVID-19 диагнозы қойылған.

27-қыркүйекте КВИ-мен ауырған клиникалық симптомы бар 2 жағдай тіркелді. Оның 1-інің клиникалық симптомдары бар, ал 1-і – симптомсыз ауру.
Диагностикалық  ПТР зерттеулерінің қорытындысымен  2020 жылғы балаға COVID-19 диагнозы қойылған. Пациент Ақтөбе қаласынан, КВИ ауру белгілерімен ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген кезінде қауіпті індет анықталған деп хабарлайды Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Өңірде профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Фото: tm.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу