Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада жалға берілетін пәтерге ие болғандардың тізімі шықты

Сұқбат
Астанада жалға берілетін пәтерге ие болғандардың тізімі шықты

Астанада сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй  бағдарламасының нәтижесі жарияланды. Пәтер «Көпбалалы отбасылар», «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» және «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін беріледі, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

Үш санат бойынша әрқайсысының тізімі екіге бөлінеді: өткен және өтпеген. Тізімді мына жерден көруге болады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттары үшін қалған 76 бір бөлмелі пәтер бойынша іріктеу жалғасуда.

«Бағдарлама бойынша өткен азаматтармен тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі іс-қимылдар туралы хабарлайды. Алаяқтық жағдайларының көбеюіне байланысты тұрғындардан өте қырағы болуды сұраймыз. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері ешқашан кредит, қарыздарды өтеу, тұрғын үй беру үшін кепілді алып тастауды сұрамайды», - делінген хабарламада.

 

Фото: ашық дерккөзден алынды

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу