Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті ұсталды

Құқық
Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті ұсталды

Астана қалалық ПД Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында астаналықтарды алдады деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам Krisha.kz сайтына нарық құнынан төмен бағада пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны белгілі болды.

Ол шұғыл ақша қажет деп және пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден 90 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұрағаны белгілі болды.

Бүгінге дейін алаяқтың қармағына түскен 9 азамат полицияға жүгінген.

Олардың бірі, 23 жастағы жәбірленуші, күдікті жіберген пәтердің фото-бейне жазбаларына сеніп, үйді көрместен 120 мың теңге ақшалай қаражатты алаяқтың шотына аударған.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.

Фото: tv7.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу