Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адам Грузиядан экстрадицияланды

Құқық
Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адам Грузиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын Грузиядан экстрадициялады.

Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүліктерін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді.

Қаскүнем үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған.

Биылғы қыркүйекте ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

- Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған,-делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу