Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Азаматтарды банкрот деп тануға өтініш қабылдау басталды 

Сұқбат
Азаматтарды банкрот деп тануға өтініш қабылдау басталды 

2023 жылғы 3 наурызда қазақстанда жеке тұлғалардың өзін банкрот деп жариялауына өтініш қабылдау басталды. Өтінішті egov.kz   сайтында және eGov Mobile мен e-Salyq Аzamat мобильді қосымшаларында онлайн, сондай-ақ, кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында беруге болады.     

Азаматтардың өтініші  14 күн ішінде қаралады және содан кейін өтініш иесіне sms хабарлама келеді.

Соттан тыс банкрот болу қызметіне банк, микроқаржылық және коллекторлық ұйымдарға қарызы бар адамдар жүгіне алады.

Өзін банкрот деп жариялаудың  шарттары бар. 

Қарыз мөлшері  5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауға тиіс;

Өтініш берген уақытқа дейінгі соңғы 12 ай ішінде қарыз төленбеген болуы керек;

Өз атына тіркелген не ортақ меншіктегі мүлкі болмауы қажет;

Банкпен реттеу жұмыстары жүргізілген болғаны жөн.

Өзін банкрот деп жариялаған адамдар бұдан кейінгі бес жыл ішінде кредит ала алмайды. Сондай-ақ үш жыл бойы оның қаржылық жағдайы бақылауда болады. Азамат өзін бұдан кейін де банкрот деп жариялай алады.  Ол үшін  арада 7 жыл уақыт өтуі қажет.   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу