Биыл ҰБТ-дағы шекті балл қанша болады

ҰТО бұл ретте әр жоғары оқу орны білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейтінін ескертеді. 

Malim Админ

  • 13.06.2024

Ұлттық тестілеу орталығы бакалавриатта білім алу үшін үміткер жинауы тиіс шекті балл мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Орталықтың мәліметінше, биыл тек "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария" білім беру саласы бойынша шекті балл өзгеріп, кемінде 50 балды құрады. 

Қалған білім беру салалары бойынша шекті балл деңгейінде өзгеріс жоқ. Атап айтқанда:

"Педагогикалық ғылымдар" және "Құқық" – кемінде 75 балл,

"Денсаулық сақтау" білім беру саласына – кемінде 70 балл.

Сондай-ақ ұлттық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО – кемінде 50 балл.

"Қазақстан тарихы" және екі бейіндік пән бойынша шекті балл – 5 балл, "Оқу сауаттылығы" және "Математикалық сауаттылық" бойынша шекті балл – 3 балл.

Қысқартылған ҰБТ тапсыратын колледж түлектері үшін шекті балл – 25 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.

Ұлттық тестілеу орталығы бұл ретте әр жоғары оқу орны білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейтінін ескертеді. 

Фото: Gov.kz

Байланысты жаналықтар

Биыл оқу жылын қанша оқушы аяқтайды?

20.05.2025

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

11.05.2025

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

02.05.2025

Наурыздағы ҰБТ: 163 мың түлек сынақтан өтеді

27.02.2025

73 миллиард: Назарбаев университетінде не болып жатыр?

24.02.2025

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

08.02.2025
MalimBlocks
Биыл оқу жылын қанша оқушы аяқтайды?

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

Наурыздағы ҰБТ: 163 мың түлек сынақтан өтеді

ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді

73 миллиард: Назарбаев университетінде не болып жатыр?

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

Бұл білім беру бағдарламалары қайта қарауды талап етеді