«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаржы бөлінді?

Бағдарлама бойынша 939 қазақстандық білім алып жатыр

Malim Админ

  • 23.09.2024

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарын оқытуға бөлінген бюджет қаржысының сомасын айтты.

Орталық мәліметіне қарағанда, оқыту құны білім бағдарламасына, баратын елге және таңдалған мамандыққа байланысты өзгеріп тұрады.


Сонымен қатар, қаржыны есептеу кезінде университеттің рейтингі, оның орналасқан жері, бағдарламаның ұзақтығы да маңызды рөл атқарады.

«Орта есеппен бір стипендиатқа магистратура бағытында шамамен 10-15 млн теңге және докторантураға 20-25 млн теңге жұмсалады. Оның ішінде оқу ақысы, шәкіртақы, әуе көлігімен сапарлау ақысы және басқа да соған байланысты шығындар қамтылған», - делінген орталықтың Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Айта кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылы 5 қарашада құрылып, бір жылдан кейін алғашқы қазақстандық студенттер оқуға барды. 30 жыл ішінде 12 731 адам диплом алды, яғни орта есеппен жылына 425 адам оқуын тәмамдап тұрды. Кейінгі бірнеше жылда 2607 адам оқуын аяқтады.

Қазіргі кезде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 939 қазақстандық білім алып жатыр. Олардың басым бөлігі магистратурада – 704 адам. Ал докторантурада 133 болса, тағы 102 адам тағылымдамадан өтуге барды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қыркүйек айының басында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 150 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Фото: azh.kz 

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

02.05.2025

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

28.04.2025

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

25.04.2025

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

19.04.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады