Елімізде AI ұлттық орталығын ашылады
Суперкомпьютер салу жобасы талқыланды
Елімізде AI ұлттық орталығын ашылады. Осыған байланысты Президент кеңесшісі Қуанышбек Есекеев жақында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Astana Hub әріптестерімен бірге елімізде жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы аясында деректерді өңдеу орталығы мен суперкомпьютер салу жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның жазуынша, платформаның мақсаты – Қазақстан экономикасын дамыту үшін технологияларды тиімді енгізу және AI әлеуетін барынша толық пайдалану. Ал AI ұлттық орталығы жобасының миссиясы – алдағы жылдарда Қазақстанның AI трансформациясын жүзеге асыру.
AI-дің ұлттық экономика мен қоғамға интеграциясы тұрақты дамуды сақтаудың және болашақтың сын-қатерлеріне дайындалудың қажетті шарты болып табылады. Мемлекеттің AI ұлттық орталығын ашу жөніндегі жоспарлары білім беру, инфрақұрылымды дамыту, венчурлық инвестициялар, сондай-ақ, IT шешімдерінің экспортын қолдау саласындағы бірқатар негізгі бастамаларын қамтиды, деп жазды Қуанышбек Есекеев.
Ол осы жоба аясында мынадай бастамаларды қамтитын жол картасы әзірленгенін жазды:
AI саласындағы негізгі жобалар мен зерттеулерде ынтымақтасу үшін білім беру мекемелерін, зерттеу зертханаларын, стартаптар мен технологиялық мекемелерді біріктіретін AI кампусы;
YNOV, 01EduSystem және Tumo мектептерінің озық тәжірибесін ескере отырып әзірленетін оқу бағдарламаларын қолданып, оқушылар мен студенттер арасында AI мамандарын даярлау;
Оқу курстары, шеберлік сабақтары және желілік іс-шаралар арқылы AI қауымдастығын дамытуға үлес қосатын P2P академиясын ашу.
Фото: rostec.ru