Елордалық 3500 мұғалім марапатқа ие болды

Биылғы оқу жылында білім беру ұйымдарына 2 мыңнан астам педагог қабылданған

Мәди Саматұлы

  • 05.10.2024

Бүгінде елорданың білім беру ұйымдарында 26 944 педагог жұмыс істейді. Мұғалімдер күні қарсаңында ведомстволық наградаларға саланың 3500 үздік маманы ие болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың арасында елорда педагогтері мынадай ерекше марапаттар алған: «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, «Астана қаласының құрметті педагогі» төсбелгілері, алғыс хаттар мен грамоталар. Білім беру еңбегінің ардагерлері де назардан тыс қалмады.

Әкімдік жазуынша, жаңа 2024-2025 оқу жылында Астананың білім беру ұйымдарына 2 262 педагог қабылданды, оның ішінде 993 мұғалім жайлы мектептерге орныққан.

Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары тәжірибе алмасу және кәсіби құзыреттілікті арттыру жөніндегі халықаралық семинарларға, конференцияларға қатысу үшін шетелдік іссапарларға барады. Соңғы үш жылда мұндай сапарларда 300-ден астам адам болды. Олар АҚШ, Сингапур, Чехия, Корея, Өзбекстан, Грузия, Жапония, Түркияға барды. Іссапар қорытындысы бойынша «Шетелдік тағылымдама: кәсіптік әдіснаманы үйреніңіз, меңгеріңіз және дамытыңыз» тақырыбы бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды