Қазақстанда алғаш рет студенттер арасындағы Enactus World Cup өтуде

Арман Қайыпхан

  • 03.10.2024

2 қазан күні Астанада «Enactus World Cup 2024» Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Enactus Әлем кубогы – әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған студенттер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы. Студенттік кәсіпкерлікті дамыту жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді тартуға мүмкіндік береді, шағын және орта бизнеске жол ашады.

Салтанатты шараның ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтау лебізін жеткізді.

«Enactus World Cup» жобасы жастарға жігер беріп, көшбасшылық қабілетті дамытуға көмектеседі. Жолдарыңыз ашық болып, әркез белсенді, икемді болыңыздар. Алдағы күндері әр ел жастарының инновациялық идеяларға толы бизнес жобаларын тамашалайтын боламыз. Әлемдік чемпионаттың еліміздің астанасында өтуі – айтулы оқиға», - деп шараның маңыздылығына тоқталды.

Enactus World Cup – әлемнің 33 елінен мыңдаған студенттерді, кәсіпкерлерді, академиялық лидерлер мен корпоративтік бизнес басшыларын біріктіреді. Шараға жиналған қонақтар алдымен әлемнің 33 елінен келген 3000-нан аса қатысушының, атап айтқанда, АҚШ, Канада, Польша, Италия, Германия, Португалия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Бразилия сынды мемлекеттердің мәдени жәрмеңкесін тамашалады. Жетісулық студенттерден құралған «ENACTUS KAZAKHSTAN» командасы ұйымдастырған жәрмеңкедегі ұлттық тағамдарға шетелдік қонақтар қызығушылық танытып, тамсана ауыз тиді.

Іс-шара соңында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Ермек Бөрібаев еліміздің көк туын көтеріп шыққан университет студенттеріне қолдау білдіріп, жарыс жолына сәттілік тіледі.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтар бүгін Ұстаздар күнін атап өтіп жатыр

05.10.2024

«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаржы бөлінді?

23.09.2024

Қазығұртта оқушылар мектептің дәлізінде оқып жатыр

20.09.2024

7 ай өтті. Студент қыздың өлімінің себебі ашылмады

17.09.2024

Алматыда алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды

02.09.2024

Қыркүйектен бастап студенттер мен магистрант, докторанттардың шәкіртақысы көбейді

01.09.2024
MalimBlocks
Қазақстандықтар бүгін Ұстаздар күнін атап өтіп жатыр

Елімізде еңбек өтілі 30 жылдан асқан 5 мың мұғалім бар

«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаржы бөлінді?

Бағдарлама бойынша 939 қазақстандық білім алып жатыр

Қазығұртта оқушылар мектептің дәлізінде оқып жатыр

Мәселенің шешілмей келе жатқанына 6 жыл болған

7 ай өтті. Студент қыздың өлімінің себебі ашылмады

Зарина жатақханада коменданттың бөлмесінде көз жұмған

Алматыда алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды

Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті кедергісіз орта, балалар шығармашылығын дамытуға арналған аймақтар қарастырылған

Қыркүйектен бастап студенттер мен магистрант, докторанттардың шәкіртақысы көбейді

Үкімет қаулысына 1 шілдеде қол қойылған еді