Ұлыбритания азаматы NU-дың жаңа президенті болып тағайындалды

Оның алдында бұл қызметте Жапония азаматы болған еді

Мәди Саматұлы

  • 29.06.2024

2024 жылғы 28 маусымдағы Назарбаев университеті (NU) қамқоршылық кеңесінің шешімімен президент қызметіне Ұлыбританияның азаматы А. Вакар таңдалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Университет мәлімдемесіне қарағанда, А. Вакар Брэдфорд университетінде (Ұлыбритания) PhD докторы дәрежесін алған. Доктор Вакар карьерасында Йорк университеті мен Лондон университеттік колледжі (Ұлыбритания) профессоры қызметінен Мидлсекс университетінің (Ұлыбритания) проректорына дейін көтерілген.

2001-2004 жылдары доктор Вакар Ұлыбритания премьер-министрі канцеляриясы ғылым департаментін басқарған.

2017 жылдан бастап Абу-Даби университетінің ректоры болды. Ол басшылық еткен жылдары Абу-Даби университеті Times Higher Education беделді рейтингіндегі үздік университеттер арасында 250-300 диапазонына дейін көтерілген.

Беделді ғылыми басылымдарда 90-нан астам ғылыми жұмысы жарияланған.

Айта кетейік, оның алдында университет президенті қызметін атқарған Шигео Катсу 2023 жылдың мамырында орнын босатқан еді.

Фото: NU

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады