freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бокстан бір жылға шеттетілген Жәнібек Әлімханұлына қатысты қуанышты хабар мәлім болды

Спорт
Бокстан бір жылға шеттетілген Жәнібек Әлімханұлына қатысты қуанышты хабар мәлім болды
instagram.com/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Допинг дауына байланысты бір жылға спорттан шеттетілген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлыбританиялық Дензел Бентли венесуэлалық Эндри Сааведрамен өткен жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBO тұжырымы бойынша орта салмақта уақытша чемпион атанды. Осылайша, ол Әлімханұлының келесі қарсыласы ретінде анықталды.

Аталған кездесу жетінші раундта аяқталды. Бентли қарсыласын ауыр соққылардың астына алып, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Жәнібек Әлімханұлынан алынған допинг сынамасында тыйым салынған мельдоний препараты анықталған. Осыған байланысты WBO ұйымы тергеу бастаған болатын.

Салдарынан 7 желтоқсанға жоспарланған Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек кейінге қалдырылды.

Спортшының командасы мен Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы VADA арқылы қайта сынама жүргізуді сұраған. Алайда екінші талдау да тыйым салынған заттың барын растады.

Айта кетейік, мельдоний – жүрек-қантамыр жүйесіне арналған дәрі. Ол ағзадағы зат алмасуды жақсартып, төзімділікті арттыруы мүмкін болғандықтан, 2016 жылдан бері спортта қолдануға тыйым салынған.

Жәнібек Әлімханұлы туралы қысқаша мәлімет

Жәнібек Әлімханұлы – қазақстандық кәсіби боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Ол 1993 жылдың 1 сәуірінде Алматы облысы Алакөл ауданындағы Жыланды ауылында дүниеге келген. Боксқа 8 жасынан бастап қызығушылық танытып, ерте жастан спортпен айналыса бастаған.

Жәнібек – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол әуесқой бокста 300-ден астам жекпе-жек өткізіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар 2013-2014 жылдары Азия чемпионы атанды. 2014 жылғы Азия ойындарында да алтын медаль иеленді.

Жәнібек 2016 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Ол алғашқы айқасында қарсыласын нокаутпен жеңген. Кәсіби рингте ол жеңіліс көрмеген боксшылардың бірі болып саналады. Оның лақап аты – "Qazaq Style". Жәнібек АҚШ-тың Калифорния штатындағы Окснард қаласында тұрады. Оның бапкері – танымал маман Бадди МакГирт. Боксшының бойы 182 см, салмағы шамамен 75 кг. Ол солақай стильде жұдырықтасады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу