freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҰҰ сарапшылары Эпштейн ісін «адамзатқа қарсы қылмыс» деп танымақ

Әлем
БҰҰ сарапшылары Эпштейн ісін «адамзатқа қарсы қылмыс» деп танымақ
Davidoff Studios/Getty Images

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі тағайындаған тәуелсіз сарапшылар тобы атышулы педофил Джеффри Эпштейнге қатысты жаңа мәлімдеме жасады. Мамандардың пікірінше, миллиондаған архивтік файлдар жаһандық деңгейдегі қылмыстық ұйымның болғанын дәлелдейді, деп хабарлайды Malim.kz  Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Сарапшылар тобы АҚШ-тың Әділет министрлігі жариялаған құжаттарды зерделей келе, жасалған қылмыстардың ауқымы мен жүйелілігі халықаралық құқықтағы «адамзатқа қарсы қылмыс» критерийлеріне сай келетінін алға тартты. Джеффри Эпштейн ісінде кездесетін қылмыстар тек АҚШ емес, трансұлттық деңгейде ұйымдастырылған. Сонымен бірге, әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздарды «тауар» ретінде пайдалану және оларды дегуманизациялау белгілері анықталған. Қылмыстық әрекеттер нәсілшілдік, мизогиния және биліктегі жемқорлықтың қолдауымен жүзеге асырылған.

«Бұл зұлымдықтың сипаты мен ауқымы кең әрі ауыр, олар заңды түрде адамзатқа қарсы қылмыс ретінде бағалануы тиіс», - делінген БҰҰ сарапшыларының ресми хабарламасында.

Бүгінгі таңда жарияланған Эпштейн ісіне қатысты құжаттарда 1200-ден астам құрбанның есімі кездеседі. Алайда тергеу барысында жіберілген салғырттықтың кесірінен көптеген зардап шеккеннің жеке мәліметтері ашық жарияланып кеткен. Соның кесірінен жәбірленушілер мемлекеттік органдар тарапынан психологиялық қысымға ұшырады.

Сонымен қатар, материалдар Эпштейннің саясат, қаржы және бизнес саласындағы әлемдік деңгейдегі ықпалды тұлғалармен тығыз байланыста болғанын кезекті рет растады.

Айта кетсек, миллиардер Джеффри Эпштейн 2019 жылы кәмелетке толмағандарды сексуалдық құлдыққа салу және адам саудасымен айналысу айыбымен тұтқындалған болатын. Сол жылдың тамыз айында ол Нью-Йорк түрмесінде өлі күйінде табылды. Ресми нұсқа бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған, бірақ бұл нұсқаға қоғамда әлі де күмәнмен қарайтындар көп.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу