Алматының «Қайрат» футбол клубы бүгін УЕФА Чемпиондар лигасындағы кезекті тур ойынын өткізеді, деп хабарлайды Malim.kz.
5-турға жоспарланған ойын аясында «Қайрат» сырт алаңда Данияның атақты «Копенгаген» клубымен шеберлік байқасады. Кездесу Астана уақытымен 22:45-те «Паркен» стадионында басталады.
Бұл кезеңде екі команда да әлі жеңіске жеткен жоқ. Екі клубта бір ұпайдан бар. Турнирлік кестеде «Копенгаген» 33-орында, ал «Қайрат» 34-орында орналасқан.
Ойынды Шотландиядан келген төрешілер тобы басқарады. Бас төреші – Ник Уолш. Оған Фрэнсис Конор мен Даниэль Макфарлан көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Дональд Робертсон атқарады.
VAR жүйесінде Англиядан Михаэль Салисбери және Германиядан Роберт Шредер жұмыс істейді.