Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.

Сабина Асқарқызы

  • 17.05.2024

Атырау қаласындағы мейрамхана иесі белгілі әнші Қайрат Нұртасты сотқа берді, деп хабарлайды Malim.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Әнші жаңа жылдық корпоратив кешінде өнер көрсетуі тиіс болатын. Алайда, ұйымдастырушылар әншінің шамамен 15 млн теңге болатын шығынын жаба алмайтындықтан концертті өткізбеу туралы шешім қабылдап, бұл жөнінде оған  42 күн бұрын ескерткен.

Жәбірленушінің сөзінше, ол әншінің анасы Гүлзира Айдарбековамен ауызша келіскен екен. Ал, 1000 доллар көлеміндегі аванс сомасын Алматыда әншінің өкілдеріне беріпті. Аталған істі Алматы облысының соты онлайн-режимде қарады.

Концерттің өтпейтінін айтқанымда менеджер ақшаның қайтарылмайтынын маған өте дөрекі түрде жеткізді. Кейін аудиожазбаларын өшіріп тастады. Мен әртісті сотқа бердім. Бірінші отырыста жеңіліп қалдық, бірақ мен тағы да шағымдандым. Себебі, ақшамды қайтарғым келеді, дейді кәсіпкер Ольга Хван.

Сот жәбірленушінің талабын қанағаттандырмады. Енді ол Жоғары сотқа алты ай ішінде сот шешіміне шағымдана алады.

Фото: instagram.com/kair_n

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды