Д.Абаев: Ұлттық жобаларға түзетулер енгізілуі мүмкін...

  • 21.10.2021

Ұлттық жобаларға түзетулер енгізілуі мүмкін. Бірақ бөлінген қаражат пен күтілетін нәтижесі өзгертілмейді. Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог-2» сұхбатының кезекті санында осылай деді.

«Ұлттық жобалардың тағы бір ерекше сүзгісі – адамдарға бағытталуында. Мемлекет басшысы бұл туралы да айтқан болатын. Осы 10 ұлттық жоба негізгі қоғамдық игілік деп айтуға болады. Оның әрбір азаматқа қатысы бар. Әр азаматтың тұрмысын, өміріне қанағаттану деңгейін, білімі мен денсаулығын, экологияны, мемлекеттік қызметтерді, қауіпсіздікті, тіпті дастархандағы асымызға дейін осы Ұлттық жобалар айқындайды. Азаматтар бұл [жобалар] арқылы үкіметтің әрекеттері олардың күнделікті шындығымен қаншалықты сәйкесетінін түсінуі керек», - деді президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, ол жобалардың іске асуын президент әкімшілігі қадағалап, қажет болса Президент тапсырмасымен түзетулер енгізіліп отыратынын айтты.

«Біріншіден, Ұлттық жобалардың іске асырылуына президент әкімшілігі тарапынан да, жобалық кеңсе тарапынан да тұрақты мониторинг жүргізіледі. Бұл тұрғыда Ұлттық жобалар әлдеқайда икемді құрал деуге болады. Ондағы кез келген дүниені өзгертуге болады. Тек күтілетін нәтижелер мен бөлінген қаражатты ғана өзгертуге болмайды. Оның үстіне Ұлттық жобалардың іске асуына жалпы саясат тұрғысынан Президенттің көңілі толмаса, түзету енгізу үшін тапсырмалар бере алады. Бұл Жолдау немесе Үкіметтің кеңейтілген отырыстары аясында жария түрде де, жекелеген тапсырмалар түрінде де айтылуы мүмкін», - деді Дәурен Абаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қазанда «Ұлттық жобалар тізімін бекіту туралы» жарлыққа қол қойған болатын

 «Дені сау ұлт» – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Білімді ұлт» – сапалы білім беру», «Ұлттық рухани жаңғыру», «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс», Кәсіпкерлікті дамыту, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға арналған орнықты экономикалық өсу», «Жасыл Қазақстан», «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту», «Қауіпсіз ел» ұлттық жобаларын жүзеге асыруға 49 триллион теңге жұмсалмақ. Бұл қаржының 33 триллион теңгесі  жеке инвесторлардан алынбақ

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

10.05.2025

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

08.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды