Гербтің мағынасымен қатар эстетикасы бар

Malim Админ

  • 21.03.2024

«Геральдика» – тарих ғылымының бір саласы екенін білеміз. Гербтің мағынасымен қатар эстетикасы бар. Дүниежүзіндегі мемлекеттердің гербтері туралы гуглда мағлұмат жеткілікті. Герб ол - графикалық дизайн, логотип. Логотип, ол тек мемлекетте ғана емес барлық компанияларда бар. Мағынасымен қатар эстетикалық тұрғыдан көрікті әрі көркем болғаны жақсы. Біздің гербіміз туралы әріп танитын жандардың бәрі жарыса жазып жатыр. Мен де өзімнің бес тиынымды қоссам. Сурет өнерінен хабарым бар болғаннан кейін жазып отырмын.

Композицияның алғашқы курсында «цветоведение» деген пән бар. Қай түс (цвет) бір-бірімен үйлеседі, қай түс үйлеспейді деген сұрақтарға жауап береді. «Геральдикада» алтын мен күмісті қоспағанда бес түс бар. Олар: қызыл, қара, жасыл, күлгін (фиолетовый), көк (синий). Ал көгілдір түс (голубой) жоқ.

Көгілдір түс (голубой цвет) пен сары түс тон жағынан бір біріне ұқсас болғандықтан графикалық дизайнда қолданбайды. Егер түсті ажырата алмайтын (дальтоник) адам біздің гербті көрсе оған бәрі сұр (серый) болып көрінеді. Ту да сол сияқты. Көздеріңізді сәл сығырайтып (прищурить глаза) қарасаңыздар байқайсыздар. Ал қою көк (темно синий) пен сары түс бір бірімен жақсы үйлеседі, Евро Одақтың туы сияқты.

Стилизация жағына келетін болсақ. Жан-жануарлар көптеген елдің герб-эмблемаларында кездеседі. Мүйізі мен қанаты бар арғымақ бізде де бар. Оның тұлпар екенін біз ғана білеміз. Ал бірінші рет көрген адам оны таутекеге ұқсатады. Шаңырақ - құдағи сақина сияқты.

Символика жағына тоқталсақ. Екі тұлпарды ұшқан құсқа, ескен желге теңесек болады әрине. Уақыт пен кеңістікті біріктіретін бір мүйізі, екі қанаты бар тұлпар туралы қазақта аңыз да бар шығыр, мен білмейді екем. Мен білетін қанатты тұлпар ол грек мифиологиясындағы-пегас. Поэзияның символы.

Кеңес саясаты әсер еткен елдердің гербтерінің дизайны бәрі бір-біріне ұқсас. Мысалы: Солтүстік Корея, Белоруссия, Өзбекістан, Тәжікістан т.б. Жоғарыда айтқандай «Геральдика» ол ғылым. Егер герб өзгеретін болса профессионалдардың айналысқаны дұрыс. Әйтпесе адам мен жануар анатомиясынан жұрдай «скульпторлардың» жасаған мүсіндері сияқты болуы мүмкін. Менің ойымша Сабит Құрманбеков ұсынғандай Алтын Орданың эмлембасы болған екі басты бүркіт және барыс болғаны дұрыс.

Бүркіт тек Ресейдің ғана емес, басқа да мемлекеттердің гербінде бар. Германияның, АҚШ-тың, Мексиканың, Біріккен Араб Әмірлігінің т.б. гербтерінде де кездеседі.

Сақ дәуірінен бастап, Қазақ хандығын қосып, болашаққа деген ұмтылысты біріктіреміз деп «эклектикаға» айналдырып алмау керек. Жапондардың эмблемасы сияқты қысқа да нұсқа(лаконично) болса тіпті жақсы.

Бұл менің жеке ойым. Біреуге ұнап, біреуге ұнамауым мүмкін.

Мұрат Бидосов

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

02.05.2025

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

29.04.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

24.04.2025

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

23.04.2025

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

17.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

Министр Аида Балаева Халық әртісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысының арнайы құттықтауын жеткізді

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Ол республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

Еліміздің 100 суретшісінің танымал еңбектерін арнайы шығарып, барлық мектептерге тарату қолға алынса құба құп