«Маған көрсетпеді»: Ханбибі Есенқарақызы «Нұрикамал» фильмі туралы айтты

Арман Қайыпхан

  • 13.11.2024

Еліміздің кинотеатрларында көрсетіліп жатқан режиссер Ернат Байұзақтың «Нұрикамал» фильмі туралы жылы пікір көп, деп хабарлайды Malim.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Ал композитордың жүрегінен бұлқынып шыға алмай тұрған әнге сөз жазып, тарихта қалуына үлес қосқан ақын Ханбибі Есенқарақызы фильм жайында не дейді?

– Ханбибі апа, қоғам болып тамашалап жатқан «Нұрикамал» фильмін көрдіңіз бе? Көңіліңізден шықты ма?

– Жалпы, ұнаған сияқты.

– Фильмді түсірмес бұрын режиссері алдыңыздан өтті ме? Сценарийімен алдын ала таныс болдыңыз ба?

– Сценарийімен таныс болғаным жоқ. Бірақ жазда төрт жігіт келіп: «Осындай фильм түсірейін деп едік», – деді. «Бұрын қандай кино түсірдіңдер?», – деп сұрап едім, Қанат Рамазан деген жігіт: «Мағжан, Мұқағали туралы фильмдеріміз бар», – деді. «Егер солар жайлы түсіргендерің рас болса, онда рұқсат етемін», – дедім.

Содан кейін бір-екі рет телефон шалып, өздеріне керекті мәліметті сұрады. Алайда, кино үлкен экранға шыққанша маған көрсеткен жоқ. Өзім де жұртпен қатар кинотеатрдан көрдім.

Енді бұл фильм туралы халық өз пікірін айтып жатыр ғой. 90 пайыздайы қолдаса, кейбірі «мәтіндері жұтаң, жадау» деп сынап жатыр. Шынында да, тілі жұтаң екені рас. Әрине, кәсіби ақын не жазушы жазбаған соң сондай кемшілік болады. Бірақ ең соңғы жағына менің сөзімді беріпті. Жалпы, осындай тағылымы бар фильмдер керек қой. «Біткен іске сыншы көп» демекші, мін іздеушілер табылады. Қай кезде де қолына таяқшасын алып қоқыс жәшігінің ішін түрткілейтіндер бар. Әрине, ондайлар өзіне қажетті «олжаны» табады. Дей тұрсақ та, халықтың пікірі, көзқарасы жақсы сияқты. Бір айтылған қате пікірмен бүкіл киноға баға беруге болмайды.

Фильмде Құрманғазы туралы айтылып қалды. «Құрманғазы да арақ ішкен» дейді жағымсыз кейіпкер. Жағымсыз кейіпкерді жағымсыз етіп көрсету үшін сол бір тіркесті алған болуы керек. Мұның кемшілік екенін мен де біліп, мойындап отырмын. Бірақ жүріп бара жатқан арбаның дөңгелегіне таяқ тыққанмен бірдей. Себебі, бұл келесі сахнада түзей салатын театрлық көрініс емес, фильмді қайта жасай алмайсың.

– Бәлкім, фильм экранға жол тартпай тұрып сізге көрсеткенде көзге ұрып тұрған кемшін тұсын айтар едіңіз ғой...

Әрине, айтатын едім. Өздерінің бір құпиясы ма, менен соншалықты тығып ұстады ғой. Осындай пікірлерді естуден қашқақтады ма, жоқ әлде, уақыты болмады ма, білмедім. Өзім бір-екі рет хабарласып «Жалпы сұлбасын көрсетсеңдерші» дегенімде, елең қылмады. Менің түсінігім бойынша, киногерлердің қуатыны – хайп, рейтинг. Сондықтан оларды да түсінемін.

Байланысты жаналықтар

«Бауырына салу» «Оскар»-ға ұсынылды

16.11.2024

921 млн теңге бөлінген екі кино прокатқа шыққан жоқ

08.10.2024

Ақын Ханбибі Есенқарақызының өлеңдері

02.10.2024

Qajymuqan көркемфильмі 10 қазаннан көрсетіле бастайды

28.09.2024

Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

27.09.2024

Атақты кино жұлдызы Ален Делон қайтыс болды

18.08.2024
MalimBlocks
«Бауырына салу» «Оскар»-ға ұсынылды

Фильм ауыл өмірінің қиын тіршілігін бейнелейді

921 млн теңге бөлінген екі кино прокатқа шыққан жоқ

2019-2021 жылдары «Выбор» кинофильміне 500 млн теңге бөлінген

Ақын Ханбибі Есенқарақызының өлеңдері

Есенқарақызы Ханбибі 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында туған. Еңбек жолын туған жерінде ұстаз болып бастады. Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін 1972 жылы сырттай тәмамдаған. 2003 жылдан облыстық саяси қуғынсүргін құрбандары мұражайының директоры. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Өлеңдері орыс, украин, өзбек, якут тілдеріне аударылды.

Qajymuqan көркемфильмі 10 қазаннан көрсетіле бастайды

Фильм 4 жыл түсірілген

Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Америка киноакадемиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді

Атақты кино жұлдызы Ален Делон қайтыс болды

Ол өз мансабын 1957 жылы бастап, француз киносының ең жарқын жұлдыздарының біріне айналды