Мың музыкант бір сахнада. Төсбелгі жауған апта

Астанада 20 мамырда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік кеш өтіп, «Астана Опера» театрының сахнасына бір мезетте мыңнан астам музыкант өнер көрсетті.

  • 21.05.2023

Концерттік бағдарламаға еліміздің өңірлерінен келген 24 шығармашылық ұжым өкілдері қатысты. Хор ұжымдары, оркестрлер, виртуоз аспапшылары, опера және халық әншілері  атақты скрипкашы, дирижер және композитор Марат Бисенғалиевтің «Ұлы дала әуені» атты одасын бірге орындады. Отандық мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған ауқымды туынды ұлттық және классикалық музыканы үйлестірген. Тыңдаушылар әсерге толы таныс әуендерді жаңа нұсқада тамашалай алды. Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін Асхат Оралов сахнада өнер көрсеткен артистер мен шығармашылық ұжымдардың жетекшілеріне алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, Асхат Оралов жиналған қонақтарға, көрнекті мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай бір апта ішінде елімізде концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер және басқа да барлығы 100-ден астам іс-шара өткен. .Сондай-ақ, 300 мәдениет қызметкері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, 2000-ы Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталған. 

Байланысты жаналықтар

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрлігін басқарады

04.01.2023
MalimBlocks
Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрлігін басқарады

Оралов бұған дейін 10 ай Amanat партиясының Атқарушы хатшысы болған.