Оқушылар бірінші тоқсанда мектепке бармайды...Студенттер ше?

Malim Админ

  • 14.07.2020

Бүгін өткен үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу маусымын қашықтан оқытуды сұрады.  Министрдің айтуынша, қазіргі кезде елімізде коронавирус инфекциясын 60 мыңнан астам тұрғын жұқтырған, оның 1700 балалар.

«Карантин кезінде топталып жүрмегендіктен инфекция жұғу азайды. Мектептерде оқытуды бастау балалар арасында індеттің таралуына, мектептен тыс жерде ауру жұқтыруына және жалпы қоғамда дерт тарауына алып келуі мүмкін»,– деді министр.

Алексей Цойдың сөзіне қарағанда жыл сайын тұмауға шалдығатындардың 70 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Тұмаудың маусымдық өсімін және коронавирус өршіп тұрған  эпидемиологиялық  жағдайды ескерсек, барлық орта білім беру мекемелерінде бірінші тоқсанды қашықтан оқытқан дұрыс. Шағын мектептерде ғана сабақты әдеттегіндей бере беруге болады, - деді министр.

Үкімет отырысынан кейін онлайн брифинг берген Білім министрі Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы қабылданғанын хабарлады.

«Балалардың, ата-аналардың, мұғалімдердің ауру жұқтыру мүмкіндігін ескеріп, осы жылдың 1-қыркүйегінен, яғни, жаңа оқу маусымының бірінші тоқсанын қашықтан оқытуды жөн көрдік. Ауылдағы шағын мектептен басқа барлық мектептерде білім қашықтан беріледі» деді Асхат Аймағамбетов.

Министр  қашықтықтан оқыту жүйесіндегі 4 тоқсанда кеткен кемшіліктер ескеріліп, жөнге келтірілетінін де атап өтті.

Сондай-ақ, бастауыш сыныптардың ата-аналары қауіпке қарамай, өтініш жазатын болса, кезекші сыныптар ашылатынын мәлімдеді. Кезекші сыныптарда балаларға жазу, сызу, оқыту үйретілмек.

Ал колледждер мен жоғарғы білім орталықтарында оқыту негізінен қашықтықтан жүрмек. Алайда, жеке кесте бойынша зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіби практика үшін дәстүрлі білім беру жүйесімен білім бере алады.

Байланысты жаналықтар

Құқық қорғау жүйесінде реформа жасау үшін күш-жігерімізді біріктіру керек – Асхат Аймағамбетов

12.10.2024

Маман тапшы жерге жұмысқа барғандарға 9 млн теңге беріледі

19.07.2024

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

30.05.2023

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

10.11.2022

Педагог өлімі: Аймағамбетов көңіл айтқан жоқ, бақылаушылар қашып кетті – куәгерлермен сұхбат

15.04.2022
MalimBlocks
Құқық қорғау жүйесінде реформа жасау үшін күш-жігерімізді біріктіру керек – Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты жағдайды ушықтырмауға шақырды

Маман тапшы жерге жұмысқа барғандарға 9 млн теңге беріледі

Биыл заңға жаңа өзгерістер енді

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.  

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Оқу-ағарту министрлігі осындай хабар таратты.

Педагог өлімі: Аймағамбетов көңіл айтқан жоқ, бақылаушылар қашып кетті – куәгерлермен сұхбат

Кеше Алматыдағы көлік және логистика академиясында ұлттық біліктілік тестін (ҰБТ) тапсыру кезінде 1973 жылы туған педагог қайтыс болды. Malim.kz тілшісі кеше тест тапсырған педагогтермен сөйлесіп, оқиғаны куәгерлер көзімен баяндайды (кейіпкерлердің қауіпсіздігі мақсатында кейбір ұстаздардың аты-жөні өзгертілген).