Қазақстан ғылымының әлеуетін дамыту үшін не істеліп жатыр?

Malim Админ

  • 31.08.2021

2025 жылға қарай Қазақстанда ғылымды қаржыландыру артып, ішкі жалпы өнімнің бір пайызына жетпек.  Қазірдің өзінде қаржыландыру бірте-бірте артып, ғалымдардың жобаларын іске асыруға, ғылыми ізденістерін қолдауға жұмсалып жатыр. Ал Қазақстан ғылымының әлеуетін тағы қалай дамытуға болады? Отандық  ғылымға жаңа серпіліс беру үшін тағы не істеген жөн? Malim.kz осы сұрақтарды Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне бағыттады.

Ғылым комитетінің жауабына қарағанда, министрлік жалпы ғылым саласының өзекті мәселелерін қоғамдық ортада, ғылыми қауымдастықпен ашық талқылауды жүйелі түрде қолға алған. Әлбетте, қандай да бір өзгеріс жасамас бұрын осы саланың мамандарымен ақылдасып, ой-пікірін тыңдаған жөн. Осы талқылауларда ғылыми қауымдастықтың жекелеген пікірлері есепке алынып, оларды шешу жолдары қарастырылады.

"Мәселен, биыл 30 сәуірде ҚР Білім және ғылым министрі Ғылым дамуының ұлттық жобасы мен тұжырымдамасын талқылау бойынша ғылыми қауымдастықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында қазіргі ғылымның жағдайы, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласын дамыту мәселелері, халықаралық тәжірибені сараптау, ғылым дамуының жаңа принциптері мен тәсілдері егжей-тегжейлі талқыланды", - дейді Ғылым комитеті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  былтыр мамырда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында «Біржолғы гранттық конкурстардың нәтижелеріне қарамастан үздіксіз жүзеге асырылуы тиіс іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми ұйымдарды тікелей қолдау» туралы тапсырма берген еді. Сонымен қатар, президент «әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы зерттеулерді конкурстан тыс қаржыландыру мәселесін қарастыру» туралы тапсырма  берген болатын.

Бұл ретте Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тұжырымдамасын әзірленді. Бұл тұжырымдама ғылыми қауымдастықпен кеңінен талқыланған көрінеді. Талқылау мен зерттеу аяқталған соң тұжырымдама Заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына шығарылады.

Ғылым комитетінің жауабына қарағанда, осы заң жобасында келесі мәселелерді шешу көзделген:

- базалық қаржыландыруды кеңейту, сондай-ақ бір реттік гранттық конкурстардың нәтижелеріне қарамастан үздіксіз жүргізілуі тиіс іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми ұйымдарды қолдау;

- іргелі зерттеулермен айналысатын ғалымдар үшін ең төменгі жалақыны белгілеу;

- ауқымды ғылыми зерттеулерге және жаңа ғылыми мектептерді қалыптастыруға мега-гранттар бөлу;

- ғылымдағы жас ғалымдарды ұстап қалу және олардың әлеуетін арттыру шарасы ретінде ғылыми мектептер үшін докторлықтан кейінгі бағдарламаларға гранттар бөлу;

"Жалпы алғанда, аталған Заң жобасын іске асыру ғылыми саланы басқару және қаржыландыру механизмінің сапасын жақсартуға, ғылымның ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне және ғылыми-техникалық сектордың жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал етеді", - делінген жауапта.

Тағы бір маңызды дүние, гуманитарлық ғылымды дамытуға арналған ақшаны ұзақмерзімді зерттеулерге бөлу.

"Тарихи, гуманитарлық зерттеулердің кешенді әрі толыққанды орындалуы үшін және нәтижелі болуына гранттық зерттеу жүргізу уақытын 5 жылға дейін ұзартуға қатысты. Министрлік ғылыми қауымдастықпен бірлесе отырып, тарихи, гуманитарлық зерттеулердің кешенді әрі толыққанды орындалуы және нәтижелі болуы үшін жоғарыда аталған тұжырымдамаға гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру мерзімдерін 60 айға дейін ұзартуға қатысты өзгерістер енгізу қарастырылғанын атайды. Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ғылыми зерттеулердің іске асырылуы 36 айдан аспайтын мерзімді қамтиды".

Сондай-ақ гуманитарлы салада сапалы зерттеуші қалыптастыру үшін бірқатар шара қолға алынған. Оның бастысы, жыл сайын осы салада мамандар даярлауға бөлінетін мемлекеттік тапсырысты арттыру.

"2020-2021 оқу жылында осы бағытағы ғылыми кадрлар даярлау бойынша жалпы контингент – 7395 оның ішінде, магистратура – 806, докторантура – 218, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс  - 2133 адамды құрайды.2020-2021 оқу жылында аталған бағыт бойынша магистратураға – 165, докторантураға -77 грант бөлінді. 2019-2020 оқу жылында магистратураға – 144, докторантураға – 50 грант бөлінген. Яғни, өткен оқу жылымен салыстырғанда «Әлеуметтік ғылымдар» даярлау бағытына бөлінген гранттың 14,5 пайызға өскенін байқауға болады", - дейді Ғылым комитеті.

Сонымен қатар болашақ ғалымдардың ел ішінде білім алып қана қоймай, шетелдің жетекші институттарында ғылыми тағылымдамадан өтуі маңызы. Бұл ретте президент Тоқаев былтыр халыққа арнаған жолдауында да осы мәселені көтеріп, ғалымдарға шетелде тағылымдамадан өту үшін 500 грант бөлу жайлы тапсырма бергені белгілі. Одан бөлек  «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарға жыл сайын 1000 грант бөлу қолға алынып отыр.

"Еліміздің 500 ғалымын жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткізу және «Жас ғалым» жобасы бойынша жыл сайын 1000 грант бөлу жалпы ғылыми қауымдастыққа бірдей ғылыми зерттеулердің, шет тілдерін меңгеру деңгейін жоғарылатуға және халықаралық индекстелген ғылыми журналдарда мақалалар санын көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік қоғамдық-гуманитарлық саласындағы ғалымдар үшін де берілген. Ғылыми тағылымдамалар қазақстандық ғылымның әлемдік білім кеңістігіне енуіне, қазақстан ғылымының ғылыми әлеуетін көтеруге және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және еліміздің адами және зияткерлік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді", - дейді Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті.

Фото: Liter.kz

Байланысты жаналықтар

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

23.10.2024

В Шымкенте открыли четыре Дома культуры ко Дню Республики

22.10.2024

Том-том жарысты кім тияр?

21.10.2024

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

20.10.2024

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

19.10.2024

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл

19.10.2024
MalimBlocks
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

В Шымкенте открыли четыре Дома культуры ко Дню Республики

Том-том жарысты кім тияр?

Ептілер жазушы еңбегін әділ бағалаудан гөрі ебін тауып екі асағаннан аса алмай келеді

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

Ахметпен бірге «ауылда қалыңыз, балаларды жаттықтырыңыз» деп қосыла айтқың келетіндей

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

Ал туған аулында батыр атындағы аллея ашылып, бюст қойылды

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл