Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ясауи кесенесін полиция күзететін болды

Мәдениет
Ясауи кесенесін полиция күзететін болды

Премьер-Министр қаулысымен келер жылдан бастап Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қауіпсіздігін ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз етеді. Kazinform осы арқылы кесене күзетіне бөлінетін қаражат қаншалықты үнемделетінін «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы басшылығынан сұрап көрді.


Жалпы, 2023 жылы күзет қызметіне республикалық бюджеттен 8 434 000 теңге қаржы қаралған.

Ал, сол жылы күзет қызметімен 10 897 262 теңгеге келісімшарт жасалып, қаржы төленген. Оның ішінде «ӘділетGroupSecurity» ЖШС-не — 1 897 280 теңге, «Семсер» күзет агенттігі» ЖШС-не — 8 999 982 теңге аударылған.

Биыл күзет қызметіне республикалық бюджеттен 8 375 232 теңге қаржы қаралған. Мекемелермен 15 363 838 теңгеге келісімшарт жасалып, қаржысы да төленіп жатыр.

Оның ішінде «Imperial Security KZ» ЖШС-не — 5 384 638 теңге, «Іскер» күзет агенттігі» ЖШС-не — 9 979 200 теңге.

-2025 жылы күзет қызметіне қаралған қаржы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісімімен жұмсалады. Себебі ішкі істер органдарының бақылауына өтпеген басқа да нысандар бар. Олар — Қожа Ахмет Ясауи музейі, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының әкімшілік кеңсесі (бұрынғы Сапар орталығы), ХІХ ғасырдағы Гарнизон штабы ғимараты, Гаухар ана кесенесінің аумағы, Үкаша ата кесенесінің аумағы, - делінген «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директоры Мәулен Садықбеков ұсынған ақпаратта.

Фото: Ашық дереккөз  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу