Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Demeu+» жобасы аясында буллингтің алдын алуға бағытталған анимациялық бейнеролик жарық көрді

Қоғам
«Demeu+» жобасы аясында буллингтің алдын алуға бағытталған  анимациялық бейнеролик жарық көрді
© Фото: ДЕМЕУ

Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Demeu+» жобасы аясында буллингтің алдын алуға бағытталған әлеуметтік анимациялық бейнеролик дайындалып, көпшілік назарына ұсынылды.

Бейнероликтің басты мақсаты – білім беру ұйымдарындағы буллинг, әлімжеттік, психологиялық қысым мәселелеріне қоғам назарын аудару, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған балалардың жалғыз еместігін көрсету. Анимациялық форматта әзірленген роликте мектеп оқушысының күнделікті өмірінде кездесетін қорлау, келемеж және психологиялық қысым көріністері бейнеленеді.
Сюжет желісінде мектеп ауласынан басталған әлімжеттік сынып ішіндегі буллингке ұласып, жәбірленуші баланың ішкі жан дүниесіндегі күйзеліс символдық бейнелер арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар бейнероликте қауіпсіздік пен үміт ұғымдары басты назарға алынып, көмекке жүгінудің маңыздылығы айқын көрсетілген.
Роликтің финалында «Demeu+» жобасы баланың өміріндегі қолдау мен сенімнің символы ретінде ұсынылады. Бұл жоба арқылы балаларға, ата-аналарға және педагогтерге буллинг жағдайында көмек сұраудың, үнсіз қалмаудың маңыздылығы жеткізіледі.

Ұзақтығы 1 минут 10 секундты құрайтын бейнеролик әлеуметтік желілерде, білім беру ұйымдарының ресми сайттары мен ақпараттық платформаларында жарияланып, кең аудиторияға бағытталған.

«Demeu+» жобасы – білім беру ортасындағы қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыруға, балалардың құқықтары мен менталдық денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу