Алғаш рет ораза ұстайтындарға пайдалы кеңес

Malim Админ

  • 20.02.2025

Ораза – мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол – тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабырлық сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат, – деп хабарлайды Malim.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап. 

Егер бұрын ораза ұстап көрмесеңіз, бірден кірісу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді біртіндеп дайындаңыз.

Тамақтану режимін реттеңіз, таңғы және кешкі асты уақытылы ішіп үйреніңіз. Ораза басталғанға дейін бірнеше күн бір уақытта тамақтанып, ауыз бекітуге дағдыланыңыз.

Оразада дұрыс тамақтану маңызды. Сәресіде – күрделі көмірсулар (ботқа, қара нан, көкөністер), ақуыз (жұмыртқа, ет, сүзбе) және су ішкен жөн. Ал ауызашарда  асқазанға салмақ түсірмес үшін жеңіл тамақтардан бастау керек (сүт өнімдері, құрма, сорпа). Дұрыс тамақтану сіздің қуатыңызды сақтауға және күні бойы өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.

Бастапқыда қиындық сезінсеңіз, өзіңізді қинамаңыз, бастысы – ниет пен талпыныс.

Оразаның тек аштықпен шектелмейтінін түсіну маңызды.

Бұл – рухани тазару, өз-өзіңді бақылау және ішкі жан дүниеңді дамыту кезеңі. Көптеген адамдар ораза арқылы жаңа әдет қалыптастырып, өзін жаңа қырынан таниды.

Егер айналаңызда ораза ұстайтын адамдар болса, олармен бірге ұстау сізге жеңіл болады.

Әр күніңізді жетістік ретінде қабылдап, өзіңізді мақтап отырыңыз. Ораза ұстау – ерік-жігерді қажет ететін ғибадат, сондықтан кішкентай жеңісіңіз үшін өзіңізді марапаттаңыз. Өзіңізді қинамай, біртіндеп үйрену маңызды.

Байланысты жаналықтар

Қызылша жұқтырған балалардың көбі – екпе алмағандар

29.04.2025

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

29.04.2025

Жарақат алған Берденов жүре бастады

26.04.2025

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

22.04.2025

Шабуылға ұшыраған Берденовтің жағдайы белгілі болды

22.04.2025

Жолсерік пойызда 9 жасар баланың өмірін сақтап қалды

19.04.2025
MalimBlocks
Қызылша жұқтырған балалардың көбі – екпе алмағандар

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

Жарақат алған Берденов жүре бастады

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

Операция төрт сағаттан астам уақытқа жалғасты.

Шабуылға ұшыраған Берденовтің жағдайы белгілі болды

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы белгілі болды

Жолсерік пойызда 9 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Ярослав Ч.-тің жағдайы кенеттен нашарлап кеткен