ДСМ онкологиялық ұйымдардың 30 миллиард теңгеден астам негізсіз пайда алғанын мәлімдеді

Анықталған заңсыздықтар бойынша 6 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның 2-і атқаратын лауазымдарынан босатуға ұсынылған.

Берік Дәулетов

  • 09.06.2024

Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылы медициналық ұйымдарда онкологиялық пациенттерге медициналық көмек көрсетуге талдау жүргізіп, 6 ұйымда медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттары мен қағидаларының бұзылғанын және 18 миллиард теңгеден астам сомаға қаржылық заң бұзушылықтардың анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz

Министрлік мәліметінше, онкологиялық орталықтар 2023 жылы 31,8 миллиард теңгеден астам пайда алған. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тариф белгілеу туралы бұйрыққа сәйкес тарифтер пайда алуды, сондай-ақ негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды көздемейді. 

Пайда алу үшін емдеуге жатқызу жағдайларын жасанды түрде бөлшектеу фактілері, есептен шығарылған және тағайындалған химиялық препараттардың сәйкес келмеуі, ұсынылған жағдайлардың емдеу стандарттарына сәйкес келмеуі және тарифтердің нақты шығындардан асып кетуі анықталды. Осылайша, қолданыстағы тарифтер мен төлем әдістері мемлекеттің ақшалай қаражатының медициналық ұйымдардың шоттарына заңсыз ағынына ықпал етті, – делінген хабарламада. 

Анықталған заңсыздықтар бойынша 6 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның 2-і атқаратын лауазымдарынан босатуға ұсынылған. Тексеру материалдары құқықтық бағалау үшін құзыретті органдарға беріледі. 

Қазіргі уақытта әрбір мемлекеттік теңге барынша тиімді пайдаланылуы және барлық қаражат медициналық көмекке мұқтаж пациенттерге жетуі үшін нақты қадамдар жасалуда. Бюджет қаражатын орынсыз пайдалануға жол бермеу үшін шұғыл шара ретінде Денсаулық сақтау министрлігі алқа отырысы барысында онкологиялық қызметтің клиникалық-шығынды топтары бойынша базалық мөлшерлемені 20%-ға төмендету туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, тарифтерді неғұрлым нақты оңтайландырумен осы ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеу тетігін қайта қарау жоспарланып отыр, – деп қосты министрлік өкілдері. 

Сондай-ақ министрлік қаражаттың пайдаланылуын бақылауды күшейткен.

Медициналық ұйымдардың қаржылық қызметіне тұрақты мониторинг және аудит жүйесі енгізілді. Бұл бюджет қаражатын орынсыз пайдалану жағдайларын жедел анықтауға және жоюға мүмкіндік береді екен. 

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

18.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13.05.2025

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

08.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025
MalimBlocks
Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады