Енді онкология мен туберкулезді ерте анықтаған дәрігерлерге сыйақы төленеді

Науқасқа онкологиялық ауру немесе туберкулез белгілері диагнозы қойылған кезде учаскелік дәрігерлер 18 460 теңге мөлшерінде қосымша төлем алатын болады

Арман Қайыпхан

  • 05.06.2024

Осы жылдан бастап қазақстандық дәрігерлер қауіпті ауру анықтаған әрбір жағдайы үшін сыйақы алатын болады, деп хабарлайды Malim.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Науқасқа онкологиялық ауру немесе туберкулез белгілері диагнозы қойылған кезде учаскелік дәрігерлер 18 460 теңге мөлшерінде қосымша төлем алатын болады.

Жоба медицина қызметкерлерінің өнімділігін арттыру мақсатында іске асырылуда.

Төлемдерді есептеу ақпараттық жүйеде автоматты түрде жүргізіледі. Еңбекке ақы төлеу балдық және бонустық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Мысалы дәрігерлер қатерлі ісік немесе туберкулез диагнозын анықтаған әрбір жағдайы үшін 5 АЕК бонус алады. Егер анықталған аурулардың саны 100 баллға жетсе, әрқайсысы үшін 4,5 АЕК (16 614 теңге) есептеледі.

Ашық деректерге сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады, 200-ден астам адам туберкулезбен ауырады.

Дәрігерлер мұны адамдардың уақытында медициналық көмекке жүгінбеуімен байланыстырады. Сондықтан олар уақытында тексеріліп, скринингтен өтуді ұсынады.

Фото: proforientator.ru

Байланысты жаналықтар

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

08.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks