Тағы бір бала көкжөтелден қайтыс болды

Қазіргі уақытта Қазақстанда ай сайын көкжөтелді жұқтырудың 350-ден 400-ге дейін жағдайы тіркеледі.

Берік Дәулетов

  • 25.06.2024

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қауіпті инфекцияға байланысты екінші өлім жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Көкжөтелден жыл басынан бері тағы бір бала қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

KTK ақпараты бойынша, қайғылы оқиға Ұлытау облысында болған.

Жыл басынан бері көкжөтелден қайтыс болған екі бала өлімі тіркелді. Олар Қарағанды және Ұлытау облысының тумалары. Екеуі де вакцинацияланбаған. Екінші бала егу жасына жеткен жоқ, - деді Айжан Есмағамбетова.

Дәрігерлердің айтуынша, көкжөтел, әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге қауіпті. Егер дер кезінде екпе жасалмаса, аса қауіпті вирус ауыр түрде өтеді тіпті өлімге әкеледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ай сайын көкжөтелді жұқтырудың 350-ден 400-ге дейін жағдайы тіркеледі деп нақтылады Есмағамбетова.

Көкжөтелден қорғанудың бір ғана жолы бар — вакцинация. Қазіргі таңда екпе 2екі айдан басталады, содан кейін балалар бір жасқа толғанша қатарынан үш рет екпе алады. Еуропалық сападағы вакцина. Өндірушісі — Франция. Сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Жалпы стастиканы қарасаңыз, науқастардың 90 пайыздан астамы — екпе алмаған,- деді ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды