Жедел жәрдем тәулік бойы қызмет көрсетпеуі мүмкін бе? Министрліктің жауабы

Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу жөніндегі бұйрық жобасын әзірледі

Мадина Қайнарова

  • 26.09.2024

БАҚ-та жедел жәрдем көрсетуге қатысты өзгерістер туралы ақпарат таралған еді. Жедел жәрдем енді тәулік бойы қызмет көрсетпейді деген жаңалық жұртты біраз дүрліктірді.

Бұл ақпарат Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасынан алынған.

Министрліктің хабарлауынша, бұйрық жобасының мазмұны қате жарияланған,бұл өзгерістер жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында енгізілмек.  

- Бірқатар БАҚ жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұнын қате түсіндіріп жатыр. Бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек алады. Жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылады. Кешкі және түнгі уақытта, демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсетеді. Яғни, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды. Керісінше, пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы жақсара түспек, — деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Айгерім Уразалиева.

 

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

30.04.2025

1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді

22.04.2025

Ұлытау облысындағы екі қалада медициналық мекемелердің базасы жаңартылды

29.03.2025

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

25.03.2025
MalimBlocks
Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

2026 жылдан бастап 1 миллионнан астам қазақстандық тегін көмекпен қамтылады

1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді

Ұлытау облысындағы екі қалада медициналық мекемелердің базасы жаңартылды

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысан салынады