Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Дикий Арман» 20 жылға қамалды

Құқық
«Дикий Арман» 20 жылға қамалды

Алматыда «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты сот үкімі шықты. Ол 20 жылға қамалды, деп хабарлайды Malim.kz.

1 жыл 3 айға созылған сот процесінің ақыры осылай бітті.

Ал онымен бірге айыпталушылар қатарында болған Алматы қаласының бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген 8 жыл арқалады.

Сонымен сот үкімі бойынша:

Арман Жұмагелдиевке – 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, түрлі ұйымдарға қатысуға, шаралар ұйымдастыруға және БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланымдар жасауға тыйым салынды;

Бұрынғы ҰҚК 5-басқармасының басшысы Руслан Ысқақов – 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды;

Бұрынғы қаржы полициясының агенті Талғат Махатов – 15 жылға бас бостандығынан айрылды;

Бұрынғы депутат және кәсіпкер Қайрат Құдайберген – 8 жылға бас бостандығынан айрылды, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде қатысуға, митингілер, дебаттар өткізуге, шаралар ұйымдастыруға және БАҚ-та жарияланымдар жасауға тыйым салынды.

Журналист Бердах Бердімұратов – 7 жылға бас бостандығынан айрылды.

Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев Алматыда «Қаңтар» оқиғаларынан кейін 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталған еді. Сот процесі 2023 жылдың қазанында басталып, процесс жабық режимде өтті.

«Дикий Арманға» жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен қатысу, атыс қаруын ұрлау, оны заңсыз сатып алу немесе сақтау, сондай-ақ, адамдарды бостандығынан айыру сияқты айыптар тағылды.

Сотта ісі қаралған жалпы 40 адамның қалғаны 1 жылдан 15 жыл 6 айға дейін әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Фото: видеодан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу