Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Джо Байден қызметінен кетерде Мессиге медаль табыстайды

Спорт
Джо Байден қызметінен кетерде Мессиге медаль табыстайды

АҚШ президенті Джо Байден бірқатар тұлғаларға жоғары азаматтық марапатты табыстайтынын мәлімдеді. Оның ішінде әлемге әйгілі спортшылар бар, деп хабарлайды Malim.kz.
Қаңтар айының соңында саяси қызметі аяқталатын Байден елдің ең жоғары азаматтық марапаты - Президенттік бостандық медалін бірқатар көрнекті тұлғаларға тапсыруды көздеп отыр.
Марапатталушылар арасында спорт және ойын-сауық әлемінің жұлдыздарының есімі аталды. Оның ішінде танымал футболшы Лионель Месси, баскетбол аңызы Эрвин «Мэджик» Джонсон бар.
Сондай-ақ, саясаткер, меценат Джордж Сорос, бұрынғы мемлекеттік хатшы және президенттікке үміткер Хиллари Клинтон, сондай-ақ актер және қайырымдылық істерімен танылған Дензел Вашингтон лайық деп танылған.

Фото: Kevin C. Cox/Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу