Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістанда 13 су каналы қайта жөнделіп жатыр

Экология
Түркістанда 13 су каналы қайта жөнделіп жатыр

Түркістан облысында жалпы ұзындығы 125 шақырымнан асатын 13 канал реконструкциядан өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 125 шақырымнан асатын қолданыстағы 13 каналды қалпына келтіру жобасын жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда каналдың 42 шақырымы толық бетондалды.

Кешенді қайта жаңғыртудың негізгі мақсаты - Түлкібас ауданындағы қолданыстағы және жаңадан игерілетін 8600 гектарға жуық егіс алқабын суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету болып табылады. 

Мердігер мекеме реконструкциялау жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр. 

Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін каналға темірбетон плиталарын төсейтін боламыз. Бұл канал салу және реконструкциялау тәжірибесіндегі тиімді тәсіл болып табылады, - деді Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Фото: Су ресурстары және ирригация синистрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу