Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Сұлу Бөлек

  • 15.04.2025

Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі. 

Төтенше жағдайлар министрлігі Экология министрлігімен бірлесе отырып, ведомствоаралық жоспарды бекітті, табиғи өрттерге, оның ішінде шекаралас мемлекеттермен әрекет ету алгоритмдері түзетілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді.
Қазгидрометтің болжамына сәйкес, жаз құрғақ, шөпті болады деп күтіледі, сол арқылы өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ, Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылықтарына өрт сөндіру техникасын жаңартуға 26 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетінін айтты. 

Жыл басынан бері Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мекемелері үшін 3,7 млрд теңге сомасына 136 шағын орман өрт сөндіру кешені мен 60 трактор жеткізілді. Маусым аяғына дейін тағы 166 өрт сөндіру машинасы, 27 шағын орман өрт сөндіру кешені және 11,3 млрд теңге сомасына 15 трактор жеткізіледі. Бұл туралы Министрлік басшысы Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

«Облыс әкімдіктері орман шаруашылығын жарақтандыруға биыл жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңге және лизинг есебінен 20 млрд теңге бөлді. Осылайша, жыл соңына дейін әкімдіктердің орман шаруашылықтарына 26,3 млрд теңге сомасына 186 өрт сөндіру машинасын, 186 шағын орман өрт сөндіру кешенін және 247 трактор сатып алу жоспарланып отыр. Қабылданып жатқан шаралар еліміздің ең өрт қаупі жоғары 11 өңірінде орман шаруашылығын жаңартуға және 100% жарақтандыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті министр.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025
MalimBlocks
"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Алматыда жер сілкінді

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды