freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екеуі бірге жүр: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқан қайта қосылды ма? (ФОТО)

Қоғам
Екеуі бірге жүр: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқан қайта қосылды ма? (ФОТО)
ашық дереккөзден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқан

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тағы да әлеуметтік желі қолданушыларының назарында қалды. Бұл жолы көпшілік оның Instagram парақшасына бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанмен бірге түскен суреттерін қайта жариялағанын талқылап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Желі қолданушылары бұл әрекеттен кейін әзілкештің жеке өміріне қатысты түрлі болжам жасай бастады. Threads желісіндегі жазбалардың бірінде қолданушы Тұрсынбектің Мөлдірмен түскен фотоларын қайта шығарғанына таңғалып, қуанып тұрғанын жазған.

Осы жазбадан соң пікір қалдырғандар көбейді. Бірі мұны жақсы жаңалықтың белгісі ретінде қабылдап, Мөлдір Мұқанға қолдау білдірсе, енді бірі отбасы, бала тәрбиесі және ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас туралы ой бөлісті.

Пікірлер арасында "Ат айналып қазығын табады", "Адасқанның айыбы жоқ", "Ешқашан біреудің отбасын бұзбаңыздар" деген мазмұндағы жазбалар да бар.

Дегенмен әзірге Тұрсынбек Қабатов бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұған дейін Мөлдір Мұқан бұрынғы жары Тұрсынбек Қабатов туралы ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ашық пікір айтқан еді.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқан бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовпен арадағы ажырасуға не түрткі болғанын алғаш рет ашық айтып берген еді. Ол бұл шешімнің қалай қабылданғанын журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында баяндаған.

"Он төрт жыл бойы бірге болуымыздың себебі – үзілмеген үміт еді. Бес балам бар, сондықтан отбасыма сызат түскенін қаламадым. Бір күні Тұрсынбектен "Енді не істейміз, ажырасамыз ба?" деген хабарлама келді. Ол алғашқы қадамды мен жасағанымды қалағандай көрінді. Сөйтіп, арызды бірінші болып өзім жаздым", – деген еді ол.

Сонымен қатар ол уақыт өте келе жұбайлар арасындағы байланыстың бұрынғыдай болмай, қарым-қатынаста салқындық пайда болғанын және өзара түсіністіктің де азая бастағанын ашық айтты.

"Маған өте ауыр тиді, жан дүнием күйзелді. "Біз бәрін бірге бастадық, қалай ажырасамыз?" деген сөздері мені ұзақ уақыт тоқтатты. Бірақ кейін ол үйден жиі кететін болды", – деп еске алды ол.

Соған қарамастан, Мөлдір Мұқан бұрынғы жұбайына деген сыйластығы мен жылы көзқарасы сақталғанын жеткізді. Ол Тұрсынбек Қабатовты балаларына қамқор, жақсы әке ретінде бағалайтынын айтты. Алайда ерлі-зайыптылар арасындағы шешілмеген мәселелер мен өзара түсініспеушіліктер отбасын сақтап қалуға мүмкіндік бермеген. Осылайша, ажырасу екеуінің ғана емес, балаларының болашағына да әсер еткен ауыр әрі маңызды шешім болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу