Еліміздегі ірі құрылыс компаниялары кірісін азайтып көрсеткен

Арман Қайыпхан

  • 01.03.2025

Қаржы министрлігі елдегі екі ірі құрылыс компаниясы – Bazis-A және BI Group салық алынатын кірісін жалпы сомасы 16,5 миллиард теңгеге азайтып көрсеткен деп санайды. Мемлекеттік кіріс органдары екі компанияға осы жөнінде ескерту-хат жіберген, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекеттік кіріс органдары «Базис-А» компаниясына салық салынатын кірісті – 4,6 млрд теңгеге, BI Group-қа 11,9 млрд теңгеге кеміткені туралы хабарлама жіберді, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Ресми ақпаратқа қарағанда, мұндай тексеріс 2022–2023 жылдарға арналған арнайы салық режимдерін пайдаланған және стандартты салық жүйесі бойынша жұмыс істейтін компаниялар арасындағы өзара есеп айырысуды талдау аясында жүргізілген. Ведомствоның айтуынша, жүргізілген талдау компаниялар арнайы салық режимін салық төлемін азайту мақсатында қолданғанын көрсеткен.

Бұған қоса, департамент өкілдері камералық тексеру процедурасы салық төлеушілерге тексеруден өтпей-ақ кірістерін өз бетінше реттеуге және салықты төлеуге мүмкіндік беретінін айтты.

Жақында премьер-министр Олжас Бектенов ірі компанияларды көбірек салық төлеуге үндеген. Ол екі күн ішінде салық органдарынан ескерту-хат түсетінін, талапты орындамаған компаниялармен "қатаң сөйлесетінін" ескерткен.

Bazis-A да, BI Group компаниясы да заңнама талаптарын қатай сақтайтынын, барлық салықты төлеп келе жатқанын айтып, мемлекеттік органдардың ескертпелерін жоққа шығарды.

Фото: bi.group

Байланысты жаналықтар

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

01.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

30.04.2025

Салық қызметкерлері азаматтардың табыс тарихын зерттей бастады

28.04.2025
MalimBlocks
«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған