Қазақстандықтар бір айда банктерден 400 млрд теңге қарыз алған

Арман Қайыпхан

  • 07.02.2025

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының несиесі 20,7 триллион теңгеге жетті. Бір ай бұрын, яғни 2024 жылғы 1 желтоқсанда азаматтардың кредиттері 20,3 трлн теңгені құраған еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің елдегі банк секторының 2025 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі туралы ақпарат ұсынды. Ресми дерекке сүйенсек, халыққа берілген кредиттер 2024 жылы 23,9%-ға ұлғайып, 20,7 трлн теңгеге жеткен. Былтыр желтоқсан айында несиелердің көлемі 1,7%-ға өскен. Десе де 2023 жылмен салыстырғанда (26,7%) бәсеңдеу бар.

«Халыққа берілетін кредиттер құрылымында ипотекалық несие 2024 жылы 14,5%-ға 6,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ипотекалық портфельдегі нарықтық бағдарламалардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 26,6%-дан 30,2%-ға дейін ұлғайды. 2024 жылы тұтынушылық қарыздар 2023 жылғы 34,2 пайыздан баяулап, 33,5%-ға немесе 13,8 трлн теңгеге дейін өсті. Желтоқсанда өсім 1,9%-ды құрады», - деп мәлімдеді агенттік.

Желтоқсан айында бизнеске ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі 19,7%, халыққа – 17,0% құрады.

Фото: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады