Үкімет шөп шабуға 43,6 мың тонна дизель отынын бөлмек

Malim Админ

  • 22.07.2021

Көктем келгеннен бастап тіршілігі қызып сала беретін егістік алқаптары мен жазғы шабындықтар елімізде дизель жанар-жағар майының тапшылығын сездірмей қоймайды. «Жаңбыр бір жауса ағаш екі жауады» дегендей, жанар-жағар майды ертерек қамданып, көп-көптен алып алып, оны науқан қызған кезде қымбатқа сататын алып сатарлар да жоқ емес. Дегенмен, дәл осындай науқан кезінде мемлекет көмекке келмей болмайды. Қосымша жанар-жағар май бөледі, баға мен отын көлемін бақылауда ұстайды, т.б.

Биыл елімізде шөп шабу науқанына 43 мың тоннадан астам жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінбек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мүдделі мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен мал азығын дайындау мәселелері бойынша өткізген  шұғыл кеңесте айтты.

Вице-премьердің сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы бойынша Үкімет шөп шабу науқаны кезінде тағы да қосымша арзандатылған жанар-жағармай бөлу мақұлданған. Және бұл өтініштің тек ауыл шаруашылығы министрлігінен ғана емес, аймақ, аудан әкімдерінен де көптеп түскенін айта кету керек. Өңір басшылары министрлікке өтініш айтқан соң, министрлік арнайы есептеп, үкіметке жолдаған. Енді міне, министрліктің бұл сұранысы үкімет тарапынан мақұлданып отыр.

«Осы аптада өңірлерге ЖЖМ жеткізу кестесін бекіту жоспарлануда. Облыс әкімдіктеріне фермерлерге 43,6 мың тонна жеңілдетілген  жанар-жағармай жеткізуді бақылау тапсырылды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін шөп тасымалдау үшін республиканың барлық аумағында уақытша жеңілдіктер ұсынды. Тасымалдау құны 77%-ға төмендетілді. Бұл шара батыс өңірлерге қосымша мал азығын жылдам жеткізуге мүмкіндік береді», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Үкімет басшысының орынбасары қатысқан жиында мал және құс шаруашылықтары үшін жем-шөп қорын қалыптастыру мақсатында жемдік астықты қосымша сатып алу туралы ұсыныс та арнайы сөз болды. Жай ғана сөз болған жоқ, арнайы қаралып, тез арада іске асыру тетіктерінің тізімі жасалды. Жиын барысында бұл мәселенің қаржыландыру көздері туралы мәселе зерттеліп жатқаны айтылды. Шаруаларға көмек беру үшін және оларды жем-шөппен қамтамасыз ету үшін  «Бәйтерек» холдингіне қосымша қаржыландырудың тетіктерін әзірлеу туралы тапсырма беріліп те қойды. Және құрама жемді қолжетімді бағамен сату, мал азығы бағасын көтермеу және тұрақты түрде бақылап отыру туралы арнайы меморандум жасалмақ.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады