freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ел аумағында 26 мың бас киік қырылған

Экология
Ел аумағында 26 мың бас киік қырылған
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев үкіметте өткен брифингте киіктердің қырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

«Қазір байқалып отырған киіктердің қырылуы табиғи норма шегінде болып отыр. Өздеріңіз білетіндей, киік популяциясы шамамен 3–4 жылда толық жаңарып отырады, ал олардың өмір сүру ұзақтығы әдетте 5 жылдан аспайды. Рұқсат етілетін көрсеткіштерге келсек, жыл сайын табиғи шығын популяцияның 15–20 пайызына дейін болуы мүмкін. Қазіргі таңда барлық өңірлер бойынша шамамен 26 мың бас киіктің қырылғаны тіркелген. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысында – шамамен 11 мың бас», - деді Шәрбиев.

Оның айтуынша, дәл осы Батыс Қазақстан облысында шағын аумақта киіктердің ең ірі популяциясы шоғырланған.

«Осыған дейінгі деректер бойынша олардың саны шамамен 3,9 миллион басты құраған. Қазіргі уақытта есептеу жұмыстары аяқталды, ресми қорытындылар маусым айында жарияланады, алайда популяция 5 миллионнан асады деп күтіліп отыр. Қазақстан үшін киіктердің оңтайлы саны кемінде 900 мың бас болуы керек. Сондықтан популяцияны реттеу мәселесін қарастыру қажет деп есептейміз. Дегенмен, түпкілікті шешім тек биологиялық негіздемеге сүйене отырып, ветеринариялық қызметтердің қорытындылары мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданады», - деді Нұркен Шәрбиев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу