freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елде 4 мыңнан астам тегін дәрі-дәрмек заңсыз сатылған

Денсаулық
Елде 4 мыңнан астам тегін дәрі-дәрмек заңсыз сатылған
pixabay.com

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәріханаларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде азаматтарға тегін берілуі тиіс 4 114 дәрілік препарат сатылымға шығарылған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«ҚР денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап таңбалау жүйесін пайдалана отырып, дәрілік заттардың айналымына талдау жүргізді. «Таңбаланған тауарлардың электрондық құжат айналымы орталығы» аналитикалық платформасының мәліметінше, республика бойынша дәріхана ұйымдарында ТМККК аясында бөлінген 4114 препараттың сатылғаны анықталды», — делінген жұма күнгі хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда 74 нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексеріс нәтижесінде: 31 ұйымға жалпы сомасы Т12,3 млн айыппұл салынды; 43 мекемеге анықталған заңсыздықтарды жою туралы нұсқама берілді.

«Пациенттерге ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде берілген дәрілердің заңсыз сатылу фактілері расталды. Кей жағдайларда медициналық ұйымдар арқылы үлестірілген препараттар қайтадан дәріхана желілеріне түсіп отырған. Олардың арасында инфузияға арналған натрий хлориді мен глюкоза ерітінділері, кейбір антибиотиктер мен созылмалы ауруларды емдеуге арналған дәрілер бар», - деп толықтырды денсаулық сақтау министрлігі.

«Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС мәліметінше, таңбалау кодтарын пайдалану кезінде жүйелі заңбузушылықтар тіркелген: 35 537 жағдай: тауар айналымынан қайтадан шығару; 480 752 жағдай: бір кодты бірнеше қатысушының қатар қолдануы; 1 140 нысан: 15 614 кодты қайталап қолданған. Бұл деректер цифрлық таңбалау жүйесінің көлеңкелі айналымды әшкерелеудегі тиімділігін көрсетіп отыр. Енді мемлекеттік органдар осы мониторинг негізінде бақылауды одан әрі күшейтпек.

«Анықталған фактілер бойынша материалдар Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігіне және ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолданды. Қазіргі уақытта қосымша тексерулер жүргізіліп жатыр, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», — деп түйіндеді министрлік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу