Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еліміздің қай аймақтарында жолдар жабылды?

Қоғам
Еліміздің қай аймақтарында жолдар жабылды?
ҚР ТЖМ

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Астанаға дейін қозғалыс «Қалқаман – Ақсу» бағытындағы «Береке» көлік айрығы арқылы, ал Павлодардан Қалқаман елді мекеніне кіру «Баянауыл» көлік айрығы арқылы қамтамасыз етіледі.

Ауа райы

2026 жылғы 21 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Абай және Павлодар облыстарының кей жерінде қар жауып, боран соғады.

– Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райы жағдайын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу